{metadescription}
Ақтауда оңбай таяқ жеп комаға түскен сарбаз есін жиды
Ақтауда оңбай таяқ жеп комаға түскен сарбаз есін жиды

Ақтауда оңбай таяқ жеп комаға түскен сарбаз есін жиды

Шығыс Қазақстан облысынан шақыртылған Дәулет Әшіровке өз қаруласы қастандық қылған. Өзара төбелес кезінде жеңіліп қалған жігіт Дәулетті орындықпен ұрып, өшін алыпты. Ту сыртынан жасалған соққыдан жауынгер қорғана да алмай қалған. Сарбаздардың жатын бөлмесінде болған жағдайға байланысты енді 25-744 әскери бөлімінің басшылары жаппай қызметтен қуылуы мүмкін.      

12 күн бойы ес-түссіз жатқан сарбаз бүгін көзін ашты. Бірақ болған жайт туралы ол әзір айтып бере алмайды. Өйткені, соққының ауыр болғаны сонша, ауыз ашпақ түгілі, қол-аяғын да қимылдата алмай қалған. Жүрегі қан жылаған анасымен тек қабағы арқылы түсінісіп жатыр.  

Жанна Айтақынова, сарбаздың анасы:

-Ақырын ақырын комадан шығып жатыр. Белгілер береді. Бәрін түсінеді. Осының бәрін жасаған адам жазасын алса екен.

Ал мұны жасаған Дәулеттің өз қаруласы. Жігіттердің өз арасында болған кішігірім жекпе-жекте жеңіліп қалған сарбаз өшін кешке жатын бөлмеде алыпты. Ұйқыға жатуға бет алған Дәулеттің ту сыртынан келіп, басынан орындықпен ұрған. Оны көрген екі куәгер де бар екен. Қазір олардан да жауап алынып жатыр. Ал күдікті сарбаз өзі секілді 18 жастағы. Әскерге Шымкенттен шақыртылған жігіт қазір тергеу абақтысына жабылған. Дәулет Әшіровтың өзі есін жиғанымен, болған жайтты енді есіне түсіре алмауы мүмкін дейді дәрігерлер. 

Рахат Беков, нейрохирург:

-Науқас жалпы палатаға ауыстырылды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр, бірақ қалыпты. Ем алып жатыр.

Жігіт өздігімен тыныстай алмайды. Кеңірдегін тесіп, өкпесіне ауа жіберген. Тамақты да өңешіндегі түтік арқылы ішіп жатыр. Одан қалды, бас сүйегі оңбай зақымданып , орнына енді пластмасса қойылмақ. Бірақ, ол ота кейін Астанада жасалады. Отбасында Дәулет бес баланың ішіндегі ең кенжесі екен. Қазіргі таңда бала-шағасын, үй-жайын тастап анасы ұлының жанына келген. Ал теңіз жаяу әскерін дайындайтын 25744 әскери бөлімінде жаппай тексеріс басталыпты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмаған басшылар әне-міне қызметтен қуылуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.