{metadescription}
Алматыда тротуарсыз көшелермен күрес күшейтілмек
Алматыда тротуарсыз көшелермен күрес күшейтілмек

Алматыда тротуарсыз көшелермен күрес күшейтілмек

Жасыл дәліз жобасы аясында білек сыбана іске кіріскен мамандар, қалада  жаяу жүргіншілерге арналға шеңбер пайда болатынын айтады. Осылайша, қала тұрғындары мен қонақтар ыңғайлы тротуарлар арқылы діттеген жеріне алаңсыз жете алады дейді олар.

Тынысы тарылған Алматының ажарын ашуға арналған жобада, әсіресе қаланың ескі орталығын қайта жандандару көзделген. Веложолдар көбейтіліп, саябақтарға да өзгеше рең берілмек. Мәселен, қалада қараусыз қалып, сиқы қашқан түрлі көлемдегі 28 саябақ анықталған. Сондай-ақ, Әуезов, Жетісу және Наурызбай аудандарында халық таза ауамен тыныстайтын жасыл-желекті орындар аз екен. Ал, 2018 жылы  жаяу жүргіншілер желісі бойынша, қаладағы 38 көше қайта қалпына келтіріледі. Оның 18-і орталықта орналасқан.

Наталья Ливинская, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ урбанистика орталығының жетекшісі:

-Біз тротуары жоқ көптеген көшелерді білеміз. Жаяу жүргіншілерге қиын соғып жатады. Биыл бірінші кезеңде 8 көше күрделі жөндеуден өтті. Ал, келер жылға жоспарланған жаяу жүргіншілер шеңбері Достық даңғылынан басталып, Жамбыл, Төле би, Абылайхан көшелерін  және Есентай өзенінің жағалауын қамтиды. Ал, саябақтарды қалпына келтірсек, кез келген тұрғын үйінің қасындағы бақта еркін демала алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.