Тұңғыш Президент күнінің тарихы мен тағылымы
Бүгін Ұлы Дала елінде Тұңғыш президент күні тойланып жатыр. 1-ші желтоқсанды ресми түрде атап өту Ақордадан басталды. Жылдағы дәстүр бойынша сарбаздар сап түзеп, Президенттің байрағы көкке көтерілді.
Автор: Азамат Алдоңғаров
01.12.2017
Ту тұғырына қонған бойда, соңы әскери шеруге ұласты. Президентке бағынышты Күзет қызметінің жауынгерлері көкбайрақ пен Елбасына осылайша құрмет көрсетті. Жалпы, бірінші желтоқсанның мереке болып бекітілу тарихы 1991 жылдан бастау алады. Дәл осы күні қазақ халқы ашық сайлауда тұңғыш басшысын таңдады. Ол Нұрсұлтан Назарбаев болатын. Осы айтулы дата соңғы 6 жыл ішінде Тұңғыш президент күні ретінде аталып келеді. Сондықтан, қыстың алғашқы күні мемлекеттік мереке болғандықтан бүгін елімізде демалыс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!