{metadescription}
Қазақтың Димашы Қытайда тағы бір жетістікке жетті
Қазақтың Димашы Қытайда тағы бір жетістікке жетті

Қазақтың Димашы Қытайда тағы бір жетістікке жетті

Жас өнерпаз аспанасты елінде «Жылдың ең үздік әншісі» атанған. Бұл туралы шетелді бірнеше рет мойындатқан Димаштың өзі әлеуметтік желіде бірінші жазып, сүйіншіледі.

Димаш Құдайберген, әнші:

- Мен әлі жаспын. Әлі көп нәрсені үйренуім керек. Көп нәрсеге қол жеткізуім керек. Соған қарамастан, қазақта жақсы сөз бар, «болар баланың белін бу» дейді, сол себептен маған үміт артып, осы болатын бала деп, баталарыңызды, қолдауларыңызды көрсетіп, аванспен осындай сыйлық беріп жатқандарыңызға үлкен рахмет.

Осылай, өнерпаз Қытай сахнасында бүкіл тыңдармандарына қазақша алғыс айтты. Оны 2017 жылдың үздік әншісі деп таныған дәстүрлі IQIYI премиясы. Бұл жүлдеге Димаштың жанкүйерлері де қатты қуанып, желіде оған ақ тілектерін жаудыруда. Айта кетсек, Димаш Құдайберген бұған дейін Гонконгта да «жылдың үздік әншісі» марапатына ие болды. Сондай-ақ, MTV Music Awards, Asian Music GaLa жүлделеріне де қол жеткізген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде