{metadescription}
Павлодар облысында заңсыз аң атқан орманшы ұсталды
Павлодар облысында заңсыз аң атқан орманшы ұсталды

Павлодар облысында заңсыз аң атқан орманшы ұсталды

Қасындағы қос сыбайласымен елік пен бұланды жайратып салған «Ертіс орманы» табиғи резерватының инспекторы енді бұл қылығы үшін заң алдында жауап беруі тиіс.

Табиғат қаскөйлері Лебяжі аудынында аң аулаған. Аталмыш резерват мамандарымен арнайы рейд жүргізген тәртіп сақшылары оларды түнгі екілер шамасында орман ішінен құрықтаған екен. Елік пен бұғыны жайратып салып, көлікке тиеп алған орманшы жүргізуші куәлігін сұраған полицейлерге қызметтік куәлігін ұсыныпты. Бірақ мұнысынан түк шықпай, қазір осы үш азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Заңсыз аң атқандардың кінәсі дәлелденсе, оларға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін. Бұдан бөлек, заңбұзушылыққа жол берген 59 жастағы инспектордың өзін жауапкершілікке тарту мәселесі де қарастырылуда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде