Геннадий Бендицкийдің денесі Минскіден Алматыға жеткізілмек
Белгілі журналист өмірден озды. Геннадий Бендицкий 47 жаста толған туған күнінде, Минск қаласында қайтыс болды.
Автор: Асыл Махмет
04.12.2017
Ол Белорусь еліне емделуге аттаныпты. Циррозға шалдыққаны тым кеш анықталып, дәрігерлер өмірін ажалдан арашалап қала алмады. Бендицкий журналистикадағы ең қиын жанр - журналистік зерттеумен айналысты. КТК және өзге де мемлекеттік телеарналарынан кейін Время, Караван газеттерінде бас редакторлық қызметте болған. Соңғы жылдары Ratel.kz ақпараттық порталында жұмыс істеді. Оның өткір мақалаларынан соң құзырлы орган қылмыстық іс қозғап, жемқорлар тиісті жазасын алатын. Марқұмның артында әйелі және екі баласы қалды. 20 жылдан астам ғұмырын журналистика саласына арнаған азаматтың денесін қазір туған жеріне жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!