{metadescription}
Елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы болуы мүмкін
Елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы болуы мүмкін

Елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы болуы мүмкін

Қазірдің өзінде төрт облыста біраз препараттың жетіспеушілігі байқалады. Тіпті келер жылдан бастап тегін дәрілерді сатып алу орталықтандыру жүйесіне көшірілгенімен, түйткіл сол қалпы шешілмейтін сыңайлы. Денсаулық сақтау министрлігі кезекті рет мәселеге мемлекеттің араласуын сұрап отыр.

Қайырлы күн, Азамат! Шалғайға тегін дәрілерді үзбей жеткізу үшін басы бүтін заң әзірленіп еді ғой? Неліктен проблема қайта туындап отыр?

-Қайырлы күн Мәдина! Шынымен, орталықтан алыс жатқан облыстарды тегін әлеуметтік дәрілермен қамтамасыз ету түйіні шешілер емес. Министрлік заңға әлеуметтік препараттардың сатып алуын орталықтандырып, СК Фармацияның қолына беруді қарастыратын түзетулер әзірлеген. Бірақ заң жобасы әлі Үкімет пен президент әкімшілігінен шықпай тұр.

Сондықтан биыл сирек кездесетін ауру түрлерін емдейтін препараттар өңірлерді айтпағанда, жалпы елге кешігіп жетуі мүмкін. Сатып алудың талабы солай көрінеді. Ал мерзімдер болса әдеттегідей күйіп тұр. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі сатып алу туралы заңға кезекті өзгеріс енгізуді сұрады. 

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Сатып алудың талаптары бойынша дәрілерді жеткізу мерзімі тым ұзақ. Сол себепті дәрі тапшылығының қаупі бар. Қажетті препараттар 15-ші ақпан-10-шы наурызда бір-ақ жетуі мүмкін. Сондықтан бірыңғай дистрибютордың үш айлық қажеттілікті бір жерден алу мүмкіндігін жасауды сұраймыз.

-Демек, дәрі-дәрмек сатып алу туралы заңға бір түзету енбей жатып, кезекті түзету дайын тұр ма?

Иә, жағдай солай боп тұр. Бір терінің пұшпағын илеп отырған Үкімет Біртановтың өтінішін әрине қолдайды. Бірақ премьер Біртановтың бейқамдығына таң қалды. Дәрінің республика бойынша құнын айтпағанда, бір қаладағы бағасын біркелкі ұстай алмай отырған министрлікке, кезекті рет ескерту жасалды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

– Бұл жоспарлаудың түкке жарамсыздығын көрсетеді. Жыл басынан бері қадағалап отыру керек еді. Қай өңірде жыл соңында қандай дәрі бойынша жетіспеушілік болатынын есептеп алуға болар еді ғой?

Өткен жылы дәрілер жыл бітпей жатып алдын ала алынса, биыл жыл соңында әлі тендерлер толық өткізілмеген. Оған жүйені артық қылуы тиіс заң жобасы қабылдануының ұзаққа созылуы себеп болып тұр дейді Біртанов. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.