Әлемдегі ипотека мөлшерлемесі ең төмен мемлекеттер белгілі болды
Алайда бұл тізімде Қазақстан жоқ. Себебі еліміздегі ең тиімді болып есептелетін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үстемеақысы 5% -дан басталады. Бұл көш басында тұрған күн шығыс салыстырғанда 4%-ға жоғары.
Автор: Аида Мағыпар
04.12.2017
Жапония елінде ипотека мөлшерлемесі 1,2 % . Алайда ,жылжымайтын мүлік тым қымбат. Бұл елде үйдің шаршы метрі 7-8 мың долларды құрайды. Тізімде келесі болып Швейцария орын алған. Осы алғашқы үздікке Финляндия да кіріп отыр. Бұл мемлекеттерде ипотека мөлшерлемесі 1,5 % төңірегінде. Ал осы еуропалықтар ішінде ипотекаға ең көп жүгініентіндер шветтер екен. Швеция халқының 90%-ы баспаналарын несиеге алған екен. Ал тізімнің соңында оныншы болып тұрған Австрияның өзінде ипотека мөлшерлемесі 2,1 %.
Ипотека мөлшерлемесі
1. Жапония 1,21%
2. Швейцария1,42%
3. Финляндия 1,53%
4. Швеция 1,87%
10. Австрия 2,10%
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!