{metadescription}
Швейцариялық фотограф ұрланған шағала үшін Ұлттық банктен өтемақы талап етіп жатыр
Швейцариялық фотограф ұрланған шағала үшін Ұлттық банктен өтемақы талап етіп жатыр

Швейцариялық фотограф ұрланған шағала үшін Ұлттық банктен өтемақы талап етіп жатыр

Шағаланың авторы шағымданып жатыр. Жаңа 500 теңгеде бейнеленген құстың суреті үшін швейцариялық фотограф Ұлттық Банктен өтемақы талап етуде. Марсель Буркхард валютадағы құсты бірнеше жыл бұрын Швейцариядағы көлдің маңында түсіргенін мәлімдеген.

Осы оқиғаны естіген бойда екі суретті салыстырдым. Банкноттағы жүз пайыз менің туындым екеніне көзім жетті. Мен үшін бұл үлкен мәртебе. Дизайнерлер менің суретімнің арқасында пайда тауып отыр. Бұл дұрыс емес. ҚР Ұлттық Банкі 500 теңгелік банкнотта менің суретімді пайдаланғанын мойындап, кемі маған сертификат беріп және өтемақы төлеуі керек.

Марсель Буркхард, швейцариялық фотограф

Буркхард Ұлттық Банкке және Швейцариядағы Қазақстан елшілігіне хабарласып, талабын жеткізген. Ол мәселенің ушықпай шешілетіне сенімді. Әйткенде әр банкноттағы шағаланы өшірткізуге дейін барудан тайынбаймын деп отыр. Естеріңізге сала кетейін, он шақты күн бұрын ғана жаңа 500 теңге айналымға шыққан. Алайда қырағы көз жұрт көгершін деп таныстырылған суреттің шағала екенін байқаған. Қала берді ол -шетелдік фотографтың жұмысы екені тағы белгілі болды. Бірақ Ұлттық Банк өзгенің авторлық құқығын бұзғандықтарын мойындайтын емес. Олар бұл жәй ғана ұқсастық деп ақталуда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде