{metadescription}
Атыраудағы су жаңа көпқабатты үйге қоныс аударған  тұрғындар ол жерден қашуға дайын
Атыраудағы су жаңа көпқабатты үйге қоныс аударған  тұрғындар ол жерден қашуға дайын

Атыраудағы су жаңа көпқабатты үйге қоныс аударған тұрғындар ол жерден қашуға дайын

Өйткені пайдалануға берілгеніне бір жылға жуықтаған пәтерлерінде жылу болмаса да, басқа барар жер болмағандықтан, әйтеуір жан бағып отыр. Апатты үйден армандаған пәтерлеріне әупірімдеп қол жеткізген олар әуелгіде қуаныштан жылудың нашар екендігіне көңіл де аудармастан қысты өткізіпті. Үйді салған компания өкілдері де жаңа үйде кем-кетіктің уақытша болатынын айтып, шығарып салған екен. Осы жағдайдың биыл да қайталанғанына ашуланған нұрсаялықтар енді жауаптыларды іздеп, жан-жаққа сабылып жүр.

20 жылға жуық апатты үйде тұрып, былтырғы желтоқсанда жаңа пәтердің кілтін қуана алған Қалила Жалғасбаева қазір бұл жерден қашып кеткісі келіп отыр. Өйткені жылытқыш қосып, бір бөлмеге тығылып отыруға мәжбүр. Одан қала берді үнемі суланып жататын еден мен сыз басқан бұрышты сүртіп әлек.

Бұл - «Нұрсая-2» ықшамауданындағы үй тұрғындарының басындағы жағдай. Осындағы 108 пәтердің тұрғындарының талабын ала шыққан бастамашыл топтың айтуынша, әр пәтер айына 20 мың теңгеге дейін коммуналдық қызметке төлейтін көрінеді. Тіпті аты болғанымен, заты жоқ жылу үшін де қыруар қаржы төлеп отыр.

Қарлығаш Қалиева, Атырау қаласының тұрғыны:

- Жарыққа  8 000 төлеймін, парға деген 12-13 000 төлеймін парға. Балаларым  уақ, күйеуім жұмыста, үшеуміз бір бөлмеде  отырамыз.

Роза Рысмағамбетова, Атырау қаласының тұрғыны:

-Мынау масқара емес пе?  Бір-біріне сілтейді. Қалай өмір сүреміз?  Ақшасын ай сайын төлейміз.

Осы үйдің құрылысын жүргізген мердігер компания басшылары да бір жылғы жырдан шаршаса керек, өздері келмей, өкілін жіберіпті. Бірақ, ол да оңдыртпай, бар бәледен аулақ дегендей, бар кінәні басқаларға аудара салды.

Азамат Алдашев, мердігер компанияның өкілі:

-Пәтер иелері кооперативі жылуды тоқтатып тастап, дұрыс бермей отыр. Әзірге ақаудың неден болғанын анықтай алмай жатырмыз. Енді осы мәселені шешу үшін коопертивпен бірге қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.

Ал қызметімізді мінсіз атқарып отырмыз деген кооперативтегілер, мәселені шешеді деп мердігерден дәмеленіп жүргенге ұқсайды.

Темірболат Қабиев, «Атырау қалалық тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС басшысының орынбасары:

-Бұл жерде құрылыс компанияларынан болып тұр. Себебі сол ма деп отырмыз. Істейміз деді. Сол нәтижені күтіп отырмыз.

Әзірге екі жақ бір-бірімен келісімге келіп, кем-кетікті іздеп тапқанша, нұрсаялықтар суық пәтерде бүрсең қағып жүре тұратынға ұқсайды. Ал пәтер иелері кооперативі өкілдерінің сөзіне сенсек, мердігер мәселені тезірек шешпесе, сот арқылы сөйлесеміз деп отыр. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде