{metadescription}
Сейітқазы  Матаев бостандыққа шықты
Сейітқазы  Матаев бостандыққа шықты

Сейітқазы Матаев бостандыққа шықты

Қазақстан журналистер одағының бұрынғы басшысы түрмедегі жақсы тәртібі үшін мерзімінен бұрын босатылды.

Атышулы журналист Сейітқазы Матаевты колонияның алдынан жақындары мен әріптестері құшақ жая күтіп алды. Мұндай жылылықты күтпесе керек, Матаев мәз-мейрам боп қалды. Денсаулығы сыр берген ол соңына дейін дәрігердің бақылауында болыпты. Осы ауыр халіне байланысты, әрі оның жасын ескерген сот Матаевты мерзімінен бұрын босатып жіберді. Осылайша, 6 жылының 2 жыл 8 айы алынып тасталды. Есретіңізге салсақ, былтыр әкелі-балалы Матаевтар ірі көлемде алаяқтық жасап, үгіт-насихатқа бөлінген мемлекеттің 300 миллион теңгесін жымқырып, әрі салықтан жалтарғаны үшін ұлы 5 -жыл, өзі- 6 жылды арқалаған болатын. Отағасы отбасына оралғанымен, баласы түрмеде қалды. Десе де, Журналистер Одағының экс-басшысы өзінің ізін басқан «ҚазТаг» ақпараттық агенттігінің бұрынғы басшысы Әсет Матаевты түрмеде қалдырмауға сөз берді.     

Сейітқазы Матаев:

-Өздеріңіз білесіздер, менің балам осында қалып отыр. Мен бүгін өзімді бостандыққа шықтым деп санамаймын. Енді оған да 2-3 ай керек, содан кейін шығады. Жалпы мұнда көп ауырып, медсанчастьте жаттым.   Бірінші жоспарым күш салып, баламды бостандыққа шығару керек деп өзім ойлаймын. Жалпы, мен де, балам да біз кінәлі емеспіз. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде