{metadescription}
Бишілер самайына ақ түскенше билейді
Бишілер самайына ақ түскенше билейді

Бишілер самайына ақ түскенше билейді

Еңбек министрлігі балет әртістерін мерзімінен бұрын зейнеттік демалысқа шығаруға мүлдем келіспейтіндерін айтты. Шенеуніктер бишілердің жұмысы қанша қиын болса да, заңмен бекітілген уақыты келмейінше оларды ерте демалысқа жібере алмаймыз деп отыр.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

-Бұл бірнеше жылдан бері айтылып келе жатқан маңызды мәселе. Бірақ, жауабы жалғыз: Еңбек министрлігі балет бишілері мен оркестр қызметкерлерінің зейнеттік жасын төмендетуді жоспарлап отырған жоқ.

Бишілердің зейнеткерлік жасына қатысты мәселені бұған дейін Мәжіліс депутаттары көтерген болатын. Жалпы, Қазақстан ТМД елдері арасында балет әртістерін қартайғанша сахнада ұстайтын жалғыз мемлекет екен. Еңбек министрлігіндегілер биші әйелдер 50 жасқа, ал ер-азаматтар 55-ке толғанда зейнеткерлік аннуитет құқығын пайдалансын дейді. Яғни, балет әртістері үшін театрлар еңбекақы қорына қосымша 5 пайыздық төлем аударады. Яғни, осы қаржы арқылы зейнеткерлікке қажетті соманы ерте жинап, елден бұрын  демалысқа шығуға болады екен. Ал, Мәдениет министрлігінің есебінше, бүгінде елімізде бары-жоғы 500 биші бар.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде