Желтоқсан жылы болғанымен, үш рет күн қақап суытады.
Қазгидромет мамандары осындай бір айлық болжам жасап отыр. Болжамға сенсек, аяз ай ортасынан ауа басталады.
Автор: Ербол Тұрымбет
04.12.2017
Алдын ала болжам бойынша алғашқы онкүндігінде негізінен күн шуақты болып, ауа жылымықтап тұрады. Тек, оңтүстік аумақтарда циклонның әсерінен аздап құбылмалы болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді болжам бойынша желтоқсанның онынан жиырмасына қарай және айдың соңында үш рет ауаның суық толқындары өтуі ықтимал. Соның салдарынан солтүстік-шығыс аймақтарда күндіз минус 20 градус, ал түнде 35 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар. Жалпы алғанда, ауа-райы көбіне солтүстік пен батыста, сондай-ақ, шығыс пен оңтүстіктегі таулы аймақтарда да жылдық орташа нормадан бір градусқа төмен болады деп күтілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!