{metadescription}
Алматыда 170 литр коктейль рекордтар кітабына енді
Алматыда 170 литр коктейль рекордтар кітабына енді

Алматыда 170 литр коктейль рекордтар кітабына енді

Үлкен шыны аяқта дайындалған алкогольсіз мохитотың рекордтық көрсеткіші Медеу спорт кешенінде тіркелді. Ал ішімдік сондағы көңіл көтеріп жүрген барлық сырғанаушыларға таратылды.

Ерекше шараға қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері де қатысып, үздік көрсеткішке сол жерде куә болды. Ал сусынның құрамына көптеген қоспалар қолданылды. Шамамен 14 келі дәмдеуіш, 17 келі лайм, 10 литр ерітілген қант пен 47 литр газ сусыны және дәм кіргізетін басқа да заттар қосылды. «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өткізілген қызықты шараны сырғанауға келген 2 мыңға тарта адам тамашалады. Сондай-ақ, коктейль шеберлерінің қатысуымен көрермендерге шоу концерт ұйымдастырылды.

Аннель Ерімбетова, ұйымдастырушы:

-Коктейльді жасауға 8 адам бір ай бойы дайындалды. Оның құрамындағы барлық қоспалары таза өнімдер. Ал шараны өткізуде қала әкімдігінің барлық талаптарын сақтадық. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде