Сағынтаев шенеуніктердерді ағылшынша сөйлетпек
Қазақстан шетелдік инвесторларды тәтті тоқашпен қызықтырып тартпақ. Астанада өтіп жатқан халықаралық инвест форумда сөз сөйлеген премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Үкіметіміз инвесторға жақсы ғана емес, өте жақсы жағдай жасайды деп ағынан жарылды. Экономикаға ақша құйсаңыз болды, сізбен қалаған тіліңізде сөйлесеміз деді премьер.
Автор: Азамат Алдоңғаров
05.12.2017
-Қайырлы күн Азамат! Премьердің айтқаны қандай тоқаш және оны қаншаға сатпақшы?
- Бақытжан Сағынтаевтың тәтті тоқаштары әлемдегі ең қымбат тоқаш болайын деп тұр. Әрине премьер тәтті нанды айтып отырған жоқ, инвестордың Қазақстандағы тәтті өмірін тұспалдап келтірді.
Мәселе мынада. Батыс Еуропа-Батыс Қытай транзиттік жолының үш мың шақырымы Қазақстан арқылы өтетінін айтқан Премьер-министр, шетелдік инвесторларды жобаға қатысуға шақырды. Шақыртуды өз аузынан естісек.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:
-То есть в тех сферах, где вы работаете, вы должны получать "пряники", чтобы было интересно. У вас есть выбор в какую страну прийти, но мы хотим, чтобы вы пришли к нам
Азамат, неліктен инвесторлар біздің елді таңдауы тиіс? Үкімет не ұсынып отыр?
Қазақстан шетелдікті цифровизациямен қызықтырмақшы. 2020 жылға дейін сатылап барып олар үшін электронды виза, шекарадан жеңіл өту тәртібі жасалады. Елдің Салық кодексінде онсыз да инвесторларға жеңілдік бар. Ал жақын арада Үкімет инвестордың тілінде сөйлейді.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:
-Сіздердің әрбір өтініштеріңізге мемлекеттік органдар 10 жұмыс күні ішінде ағылшын тілінде жауап береді. Алайда сіздер қазақша не орысша сұрасаңыздар сол тілдерде де жауап бере аламыз. Ең бастысы 10 күннен кешіктірілмейді. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары, аурухана, білім мекемелері, көші-қон және салық органдарына ағылшын тілін меңгерген мамандар аламыз.
Қонаққа жылы-жұмсақ жағдай жасау орынды-ақ. Себебі соңғы он жылда шетелдіктер біздің экономикаға 250 млрд доллар құйған. Қазақстан бұл көрсеткіштерді еселеп арттыруды көздейді. Сондықтан кез-келген батыл қадамға дайын.
-Мәселен инвестордың мемлекеттік органдардан жауап алу құқы отандық журналистерден де жоғары. Себебі БАҚ туралы заңға енген соңғы өзгерістерге сәйкес журналистердің ресми сауалдарына жауап беру мерзімі 15 күнге дейін ұзартылған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!