{metadescription}
Павлодарда ұрланған темір тұлпардың ізіне түсу үшін жол сақшыларына тер төгуге тура келді
Павлодарда ұрланған темір тұлпардың ізіне түсу үшін жол сақшыларына тер төгуге тура келді

Павлодарда ұрланған темір тұлпардың ізіне түсу үшін жол сақшыларына тер төгуге тура келді

Toyota Carinaны айдап әкеткен жігітті полиция қызметкерлері соғып, әрең тоқтатқан.

Автокөліктің ұрланғаны жөнінде хабарлама алған жол сақшылары оны шаһар көшелерінің бірінен байқап, тоқтатпақ болған. Бірақ қатты жылдамдықпен жүйткіген жүргізуші бұған бағынбай, қашып кетуге тырысыпты. Тіпті, соңынан қуған полицейлерге жеткізбей қойған. Бұзақыны қарсы шыққан екінші патруль көлігі әрең тоқтатты. Оның өзінде жылдамдықты асырған «Тойотаны» соғуға тура келіпті. Соның салдарынан екі көлік те зақымданған. Қолға түскен күдікті еш жерде жұмыс істемейтін көрінеді. Араққа сылқия тойып алған 27 жастағы азамат қазір Қылмыстық кодекстің қос бірдей бабы бойынша айыпталып, қамауға алынған. Бұған қоса, ол енді өзі айдап әкеткен машина мен патруль көлігін жөндеуге кететін шығынды өтеуі тиіс. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде