Әли Абдолла Салехтің өлімі Йемендегі азамат соғысын одан бетер өршітті
Кешегі қастандықтан соң экс-президентті жақтайтын әскерилердің бір бөлігі көтерілісші хуситтермен кескілескен ұрыс жүргізіп жатыр. Атыс-шабыста 125 адам қаза болды. Тағы 240-ы ауыр жараланған.
Автор: Асыл Махмет
05.12.2017
Йеменді қосылғанға дейін де, одан кейін де басқарып, 30 жылдан аса тақтан түспеген Әли Абдолла Салехті хуситтер кеше өлтірген болатын. 3 жыл бұрын биліктен тайдырылған Салех соңғы кезде осы көтерілісші хуситтер жағында соғысқан болатын. Алайда, Сауд Арабиясы бастаған коалицияның әуе соққылары мен блокадасына шыдай алмай, ақыры келіссөз үстеліне отыруға келіскен еді. Мұны хуситтер сатқындық деп атап, Салехтың көзін жойды. Енді экс-президенттің қарулы жасағы Үкімет әскеріне қосылып, көтерілісшілерге қарсы шығуда. Оның үстіне Сауд Арабиясы әуеден соққы жасап жатыр. Ал, осындай саяси ойындардың салдарын қара халық көріп келеді. Азамат соғысы басталған 3 жыл ішінде мыңдаған адам жер жастанып, миллиондар босып кеткен.Көтерілісші хуситтерді Иран қолдайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!