Үлкен Алматы айналма жолын салатын инвесторлар белгілі болды
Көпшіліккке БАКАД атымен мәлім құрылыс жобасын іске асыруға төрт компаниядан тұратын оңтүстік кореялық, түркиялық консорциуммен келісімшарт жасалады. Инвестициялар және даму министрлігіндегілердің айтуынша, осы айда алғашқы дайындық жұмыстарына кіріспек.
Автор: Мақсат Мәлік
05.12.2017
Келер жылдың көктемінде құрылыс жұмыстары басталатын жоба, үш жылдың ішінде аяқталуы тиіс. Құны 180 миллиард теңгеге бағаланған айналма жол 2025 жылға қарай өз шығынын ақтамақ. Алматы жолдарындағы кептелісті азайтуға арналған 60 шақырым жол бетоннан құйылып, бірінші санатқа жатқызылады. Алайда, көрінген көлік иесі 10 жолақты тасжолмен емін-еркін жүре алмайды. Себебі, ол ақылы болатындығы айтылды. Ал, жырға айналған жобаны іске асыруда көптеген қиындық туындағанын құзырлы минстрліктің өздері де мойындап отыр.
Жеңіс Қасымбек, Инвестициялар және даму министрі:
-2016 жылы байқау өткізілгенде теңге бағамы күрт өзгеріске ұшырап, келіссөздер кезеңі ұзаққа созылды. Тіпті, 7 кезеңнен тұратын келіссөздер өткіздік. Алғашында 10-нан астам шетелдік консорциумдар болды. Кейін қатары қысқарып 7, одан соң 3-ке дейін түсті. Соңында оңтүстіккореялық-түрік консорциумы анықталды. Бұлар БАКАД-тан да үлкен жобаларға қатысқан, тәжірибесі мықты консорциум саналады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!