Оңтүстіктен теріскейге қоныс аударатын жұрт тек ірі елді мекендерге орналастырылуы тиіс
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі өзінің қарамағындағыларға осындай тапсырма берді. Өйткені шағын ауылдарға көшіп баратын күнгейлік ағайын сол жерден тұрақты жұмыс таппай қиналады екен.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
06.12.2017
Бұған дейін өзге өңірлерден қоныс аударған халықты шенеуніктер мектебі жабылғалы тұрған шағын ауылдарға қоныстандыратын. Ондағы ойы халқы бытырап кеткен ауылдарды сақтап қалу болған. Оларға жұмысты тек жергілікті шаруа қожалықтары ғана ұсынатын. Бұл – қоныс аударушылардың еңбекақылары қолдарына тек күзгі жиын терімнен соң ғана тиеді деген сөз. Енді Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау өңірінен көшіп келетін ағайын барлық мәдени, әлеуметтік нысандары бар ірі елді мекендерге ғана орналастырылатын болды. Екі жыл бойы жүзеге асып жатқан бағдарлама асяында теріскейге осы уақытқа дейін 300-ден астам отбасы көшіп келіпті. Ит жылы бұл көрсеткіш екі есеге артпақ.
Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
-Бұдан былай ешқандай әлеуметтік нысаны жоқ шағын ауылдарға оңтүстіктен келген ағайынды қоныстандыруға тыйым саламын. Олар басқа жерден жұмыс таппай ертең бір серіктестік иесінің қолына ғана қарап қалады. Сондықтан алдағы жылдан бастап облысқа қоныс аударатын отбасылар тек ірі елді мекендерге ғана жайғастырылсын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!