Депутаттар кәсіпкерлерден жылу жинауды тоқтатуды талап етті
Мәжілісмендер мемлекеттік органдардың фунцияларын өзіне алған тәуелсіз ұйымдарға тоқтау салу керек деп Үкімет басшысына сауал тастады.
Автор: Азамат Алдоңғаров
06.12.2017
Азат Перуашевтің сөзінше, министрліктердің кей міндеттерін мемлекеттік емес ұйымдардың қолына беру бизнесмендерді заңды түрде тонаудың тәсілі. Қазір министрліктер өзіне қарасты өндіріс саласы бойынша өзін-өзі басқарушы ұйым ашып тастап, жұмыстан да құтылып, кәсіпкерлердің қалтасын да қағуға құмар дейді депутат. Шағын мемлекеттік аппарат құру үшін қолға алынған бастама түпкілікті міндетін де атқармай, бизнесті де аяғынан шалып отырған көрінеді.
Азат Перуашев, Мәжіліс депуаты:
-Мемлекеттік емес ұйымдарға бұндай құзырет беру олардың кәсіпкерлерге әлімжеттік көрсетіп, жылу жинауына жағдай жасайды. Себебі заңда олардың жауапкершіліктері бекітілмеген. Сарапшылар бұны жемқорлықты заңдастыру деп те бағалап жатыр. Ресейдің тәжірибесінде өзін-өзі реттейтін ұйымдардың пайда болуымен бизнесмендер бұрын беріп жүрген параларынан үш есе артық ақша төлейтін болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!