{metadescription}
Назарбаев ақшасын шетелге жасыратындарға тағы шүйлікті
Назарбаев ақшасын шетелге жасыратындарға тағы шүйлікті

Назарбаев ақшасын шетелге жасыратындарға тағы шүйлікті

Нұрсұлтан Назарбаев миллиардттаған миллиондарын шетелдік шоттарда ұстап  отырған  отандық кәсіпкерлерге  тағы ескерту жасады. Мәселен, мемлекеттің бақылауындағы ұлттық компаниялар жарты жылда бірнеше миллиард долларды офшорлық аймаққа алып кеткен. Елбасы сыртқа кеткен бар қаржыны премьерге елге дереу  қайтаруға пәрмен берді. Бүгін президент  Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру бағдарламасы аясында ондаған зауыттың тұсауын кескен  жиыннан астаналық тілшіміз қазір  тікелей эфирге шыққалы тұр.

-Жәудір, қайырлы күн! Кәсіпкерлер Қазақстанда тапқан қанша қаржысын шетелде ұстап отыр екен?

Президент 18 отандық компания 12 жарым миллиард  долларын өзге елдерге алып кеткен деді. Тіпті жарты жылда оның көлемі 6 миллиард долларға артқан. Жалпы Елбасы бай-бағыландардың арал асқан ақшасы жайлы бұған дейін де айтып келген. Бірақ, бүгін Қазақстанна гөрі,  шетелдік шоттарды  қауіпсіз деп санайтын миллионерлерге Назарбаев соңғы рет ескерту жасады. Және тапқанын ала қашқандардың атын атады. Олардың қатарында мемлекеттің тікелей бақылауында тұрған ұлттық компаниялар да бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-18 отечественных компаний удерживают 12,5 миллиарда долларов за рубежом. "Тенгизшевройл" – 4,5 миллиарда долларов. "КазМунайГаз" – 3 миллиарда долларов. "РД "КазМунайГаз" – 2 миллиарда долларов. "Азиатский газопровод" – более миллиарда долларов. Газопровод "Бейнеу - Шымкент" – 100 миллионов, и так далее.

Президент елімізде үш рет мүлікті заңдастыру науқаны  жүрсе де мемлекет ешкімнің дүниесін тартып алмағанын еске салды. Қазақстанда қолда бар ақшаны еселеп көбейтуге ғана емес, оны сақтауға да жағдай жасалған. Елбасы қайта  қазір түрлі санкцияларға байланысты шетелдердегі шоттардың бір күнде күйіп кетуі әбден мүмкін деді. Сондықтан кәсіпкерлердің  дер кезінде ес жиғаны жөн.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Если не сделаете, предупреждаю, тогда я по-другому буду работать, как возвратить эти деньги. Но вас уже не будет. Мы же не говорим, что отнимем у вас, или что то сделаем, нет. Слушаете, государство создало вам условия заработать эти деньги предприятием и вы прячете от государства казахстанские деньги?

-Жәудір, шетелге кеткен қаржыны кім қайтаратын болды?

Нұрсұлтан Назарбаев сырттағы миллиардтарды қайтаруды премьерге тапсырды. Егер Бақытжан Сағынтаевтың қолынан келмесе, бұл іске президенттің өзі кіріспек.Енді шетелдегі қазақстандық бизнесмендерді жаппай тексеру басталуы әбден мүмкін. Байлардың сырттағы коттедж, яхталарына санақ жүреді деген сөз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде