Республикалық физика-математикалық мектепте информатика пәні ерекше өтті
Мұнда тұңғыш президент қоры ұйымдастырған халықаралық «Код сағаты» деп аталатын акция болды. Бұнда мектеп оқушылары бағдарламалаудың оңай әрі қызық тәсілдерін жылдам әрі тез меңгерді.
Автор: Сабина Мәдиқызы
06.12.2017
Данели Сатыбалды, Республикалық физика-математикалық мектептің оқушысы:
-Бұған дейін мен майнкрафт ойынын ойнағанмын. Сондықтан маған аса қиын болмады. Бастысы қызығушылық болса, ешқандай кедергі болмайды деп ойлаймын. Қазір мен үздік үштіктердің қатарындамын.
Мұнда партаға жайғасқан 4 сыныптың оқушылары. Олар 1 сағаттың ішінде тапсырмаларды орындау үшін арнайы сандық кодтарды енгізуі қажет. Ал әр кезеңнен сүрінбей өткенін түрлі эмоциялар арқылы білдіріп жатты. Яғни ойын ойнау арқылы бағдарламалауды үйренбек. Сөйтіп, аз ғана уақыттың ішінде IT саласында өздерінің білімдерін сынап көрді. Жалпы елімізде үшінші мәрте өткізіліп жатқан шараға 2000-нан аса қатысушы қызығушылық танытқан.
Сұлтан Айтжанов, Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының орынбасары:
– Жобаға қатысатын балалардың жасы 10 жастан бастап 18 жасқа дейін. Жылдан-жылға жаңағы қатысушылардың саны да өсіп келе жатыр. Сапасы да артты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!