Ақтөбе облысында мүйізі үшін киіктерді қырған браконьерлер ұсталды
Ақтөбе облысында киік атып жүрген жеті қорықшы ұсталды. Жануарларды қорғауға тиіс инспекторлар керісінше олардың мүйізін сатып, пайдаға кенелмек болған.
Автор: Жаңалық Ахаш
06.12.2017
Қорықшыларды қылмыс үстінен ұстау үшін арнайы операция ұйымдастыруға тура келді. Тіпті Астанадан тергеушілер тобы Ырғызға ұшып келген. Олар екі күн бойы Ырғыз-Торғай резерватын тінтіп, ақыры Атамбас деген жерде қызыл кітапқа енген киіктердің өлекселерін тапты. Артынша сол маңнан Уаз көлігіне мінген жеті қорықшы ұсталды. Олардан аңшы мылтығы мен оқ-дәрі, пышақ табылды. Ал көлік ішінен айғақ ретінде киіктің қаны анықталды. Енді қорықшылар осы қылмысы үшін бірнеше жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
-Ұсталған жеті инспекторға ҚР қылмыстық кодексінің 4 тармағы бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш бап бойынша күдіктілерджің қылмысы дәлелденсе бес мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!