Бангладеш рохинжаларды қаңыраған аралдарға көшірмекші
Ал рохинжалардың жағдайы Шымкенттің қазақтарынан гөрі қиынырақ! Мьянмада теперіш көріп, Бангладешке бас сауғалаған 100 мың босқынды осы елдің билігі адам аяғы баспаған аралға көшірмекші.
Автор: Ербол Тұрымбет
06.12.2017
Ақпарат құралдарының мәліметінше, ел билігі мұсылмандарды 2019 жылдың қараша айына дейін Тенгар Чар деп аталатын аралға көшіріп бітуді көздеп отыр. Негізі бұл аралда арнайы бекіту жұмыстары жүргізілмесе, ондағы ел сәт сайын су тасқынына тап болуы ықтимал екен. Сондықтан, рохинжаларды елсіз аралға орналастыру үшін билік қазынадан 278 миллион доллар қарастырып та қойыпты. Айта кетейік, осы күнге дейін Мьянмадан Бангладешке бас сауғалап қашқан мұсылмандардың саны 600 мыңнан асып кетті. Оның жартысынан астамы балалар. Біріккен ұлттар ұйымы күштеп көшіру идеясын озбырлық деп бағалады. Сондай-ақ, Мьянма билігінен халықаралық гуманитарлық ұйымдарды Ракхайын штатына жіберуін сұрап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!