Алматы-Бішкек тас жолына қатысты дау шықты
Айналма жолдың әлегі. Алматыдағы "Алтын Орда" базарының маңы таңнан кешке дейін иін тірескен көліктер легінен сиремей тұр. Алматы-Бішкек тас жолына жөндеу жұмыстарының басталуы жүргізушілерге қолайсыздық тудырып тұр.
Автор: Асқарбек Қазанғап
06.12.2017
"ҚазАвтоЖол" мәселені шешу үшін уақытша айналма жол салуға кіріскен. Базар жанындағы батыс бағытта ені 15 метр болатын үш жолақты жолға екі-үш күнде асфальт төселуі тиіс. Құрылысқа байланысты Ақсай көпірі жартылай жабылған. Жоспар бойынша уақытша айналма жолдың жұмысы бір апта көлемінде аяқталып, қолданысқа беріледі. Айта кетейік, ұзындығы 4 шақырымға жуық Алматы-Бішкек бағытындағы аумақты қайта жөндеу жобасы қарашада басталған болатын. Екі бағыттағы он жолақты жолдың жұмысы 2019 жылы аяқталмақ. Ұзындығы 60 метрге жуық айналма жолға 9 млрд теңге бөлінген.
Нұрхат Ақылтаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары:
-2018 жылдың соңына дейін біз негізгі жолмен жол қозғалысын қамтамасыз етеміз. 2019 жылдың соңына дейін барлық құрылыс жұмыстарын аяқтауға тырысамыз. Болдырмауға тырысамыз кептелісті. Барынша айналма жолдарды, уақытша жолдарды қазіргі талаптарға сай қылып салуға тырысамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!