Маңғыстау облысында жантүршігерлік апаттап зардап шеккен жас жігіт әлі есіне келер емес
Маңғыстау облысында тепловоз бен газельдің соқтығысынан зардап шеккен 16 жолаушы ауруханадан шығарылды. Әртүрлі дене жарақаттарын алған олар ендігі емді үйлерінде жалғастырады. Десе де, 11 адам әлі де ауруханада жатыр. Олардың жетеуі ауыр жағдайда.
Автор: Аруна Ортай
06.12.2017
Әсіресе, 18 жастағы жігіттің халі мүшкіл. Апаттан бері есін әлі толық жимаған оны дәрігерлер санавияциямен облыстық ауруханаға жеткізбек. Естеріңізге сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты қарашаның 25-і күні орын алған еді. Жолаушылар тасымалдайтын Газель көлігі мен "Қазақстан темір жолы" компаниясына тиесілі отарба соқтығысып, 9 адам қаза тапқан болатын. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар. Қазіргі таңда, жараланғандардың көбінің беті бері қараған. Тек бір адам ғана есін жия алмауда. Дәрігерлер сөзінше, жағдайы ауыр жігітті емдеуге тек облыстық аурухананың ғана қауқары жетеді.
Алтынгүл Көптілеуова, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлім жетекшісі:
-Жағдайы өте ауыр 1 науқас бар. Ол Жаңаөзенде. Бас сүйегі сынған, миы шайқалған. Оған санавиация шақыртып жатырмыз. Бүгін облыстық ауруханаға жеткіземіз. Жағдайы ауыр, есін бір жиып, бір жоғалтуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!