{metadescription}
Алматыда шатылып жатқан ата-ана   егіз ұлдарын не үшін өлтіргендерін айтты
Алматыда шатылып жатқан ата-ана   егіз ұлдарын не үшін өлтіргендерін айтты

Алматыда шатылып жатқан ата-ана егіз ұлдарын не үшін өлтіргендерін айтты

Егіз болғандары үшін де айыпты! Алматыда қос ұлына ажал құштырғандардың соты жалғасуда. Безбүйрек әкені қанды қылмысқа сәбилердің екеу болып туылуы да итермелегені белгілі болды. Ол бұл жағдайға моральдық, материалдық тұрғыда дайын болмаған. Сондықтан, өлтіріп тыныпты. Ал, күдіктінің әйелі егіздердің бір сыңарының ғана көзін жоюға келіскен көрінеді. Мұндай мәлімет сотқа дейінгі тергеуде айтылған. Ал, қазір күдіктілердің сөзі сәт сайын өзгеріп жатыр. Сондықтан, бүгін процеске тергеушілерді шақырып, ерлі-зайыптының жауаптарын салыстыруға тура келді.

Әйелінің егіз туып, қос қуаныш сыйлауы Эмильді еш қуантпапты. Ерлі-зайыптылар екі балаға мүлдем дайын болмаған. Олардан сол үшін де құтылғысы келген екен. Бастаманы көтерген безбүйрек әкенің өзі. Ал, әйелі сәл мейірімділік танытып, қос ұлдың біреуін тірі қалдыруды өтінген. Күйеуінің бастапқы жауабы бойынша оқиға осылай өрбіпті. Ал, қазір Гильмутдинов мұндай сөз аузымнан шыққан жоқ деп отыр. Сондықтан, бүгін судья хаттамадағы күдіктінің өз сөзін өзіне оқып беруге мәжбүр болды.

Ерлан Болатов, судья:

-Мен әйеліме балаларды көргім келмейтінін, олардан құтылғым келетінін айттым. Жақын күндері сәбилердің көзін жоятынымды да жеткіздім. Ол бастапқыда жылап-сықтады. Сосын ұлдардың біреуін тірі қалдыруды ұсынды.

Алайда, сотта күдіктілер қылмысты мүлдем басқаша баяндауда. Бар кінәні қаскөй әке мойнына алған. Волченко кінәдән таза екен-мыс. Ал, жауаптардың сәйкес келмеуіне сотқа дейінгі тергеу кезінде удай мас болуымыз себеп дейді. Соның кесірінен, не айтып, не қойғандарын білмей қалыпты. Бірақ, тергеушілер мұны жоққа шығарды.

Әлібек Исабаев, тергеуші:

- Мен ешқандай ішімдіктің иісін сезген жоқпын.Сотқа дейінгі тергеудің өзінде Волченконың сөздері құбылып отырды. Әрі күдіктіден жауап алуға адвокаты да қатысты.

Шынында, адвокат қорғауындағы әйелдің сап-сау болғанын растады. Бірақ, әбден уайымдап, есін жоғалтып алған болуы мүмкін дейді. Волченконың қорғаушысы қылмысқа әйелдің еш кінәсі жоғына сенімді. Егіздердің өлімінен бөлек, ерлі-зайыпты үлкен ұлын қараусыз қалдырғаны үшін де істі болуда. Әйел бұл әрекетке баланы қанішер әкеден қорғап, тірі алып қалу үшін бардым дегеннен танар емес.

Фархат Тайыпов, А. Волченконың адвокаты:

- Волченко сәбилердің өліміне қатыспаған. Тек біле тұрып, сақшыларға жеткізбеген болуы мүмкін. Ал, үлкен ұлдың тірі қалғанын қалаған. Сол үшін көшеге тастап кетті.

Айыптау актісіне сәйкес, Гильмутдинов 1 жасар егіздерді тұншықтырып өлтірген. Сол сәтте әйелі жайбарақат қыдырып жүріпті. Әрі қылмысты жасыру үшін мәйіт арқалаған екеу жиі пәтер ауыстырған. Кейін өлген балалар сол пәтерлердің біріндегі тоңазтқыштан табылған болатын.

- Қос бірдей ұлдың өмірін жалмағандар ғұмыр бойына бас бостандығынан айыруылуы мүмкін. Ең кемі 15-тен 18 жылға дейін жаза қарастырылған. Бірақ, оны жеңілдететін бір жәйт бар. Бұл екеуі полицияға өз аяқтарымен барған деген ақпарат бар. Мұны растау үшін келесі сотқа полиция бөлімінің басшысы шақыртылды. Егер, шын болса, жазалары аз да болса жеңілдеуі ғажап емес.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.