{metadescription}
Назарбаев ЭКСПО қалашығын  ұмытқан шенеуніктерді сынады
Назарбаев ЭКСПО қалашығын  ұмытқан шенеуніктерді сынады

Назарбаев ЭКСПО қалашығын ұмытқан шенеуніктерді сынады

Соңғы ескерту! Президент премьерге шетелде шоттары бар миллионерлердің мүлкін жаппай тексеруді тапсырды. Кәсіпкерлердің Қазақстаннан алып кеткен қыруар қаржысын енді Үкімет кері қайтаруы тиіс. Ал, табысын шетелге тасығандардың қатарында бизнесмендер түгілі ұлттық компаниялар да бар. Бүгін президент индустрияландыру бағдарламасы аясында ондаған зауыттың тұсауын кескен жиында олардың атын атады.

-Елбасы бай-бағыландардың арал асқан ақшасы жайлы бұған дейін де айтып келген. Бірақ, бүгін Қазақстаннан гөрі, шетелдік шоттарды қауіпсіз санайтын миллионерлерге Назарбаев соңғы рет ескерту жасады. Ал тапқанын сыртта сақтайтындардың қатарында жеке бизнесмендерден бөлек, мемлекеттің тікелей бақылауындағы ұлттық компаниялар да бар.

Қазір 18 отандық компания қыруар қаржыны өзге елдерде сақтап, шет мемлекеттердің экономикасының дамуына үлес қосып отыр. Жарты жылда сыртқа кеткен ақша 6 миллиард долларға артқан.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-18 отандық компания 12,5 млрд долларды шетелде ұстап отыр. Атап айтқанда, «Теңіз Шевройл» компаниясы - 4,5 млрд доллар, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы - 3 млрд доллар, «ҚазМұнайГаз барлау мен өндіру» компаниясы - 2 млрд доллар, «Азия газ құбыры» ЖШС - 1 млрд-тан астам, «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры» ЖШС - 100 млн доллар, бұдан бөлек, «Шығыс Цемент», «Жайық Мұнай», Каспий құбыры консорциумы және тағы басқа компаниялар шетелде қыруар қаражатты ұстап келеді. Неге олай істейсіздер? Қазақстанның ресурстарын сатып, ақша табасыздар? Ал табысты шетелде ұстайсыздар. Неге ол ақша осында айналып, ел экономикасына жұмыс істемейді?

Яғни, президент Қазақстаннан тапқан табыстарыңды Қазақстанда ұстаңдар деп отыр. Кәсіпкерлерге миллиардтарын елімізде жұмсап, отандық банктерде сақтаса да барлық жағдай жасалған. Бірақ, байлар мемлекетке артық салық төлеуден қашып, шетелдердегі офшорлық аймақтарды  жағалайды. Біздің кәсіпкерлер соңғы 20 жылда 140 миллиард долларды  жасырын жолмен сыртқа тасыған. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Хватит баловаться, заигрались. Хватит, накупили яхт, имеют в других странах коттеджи, дома. Мы еще никого не проверяли, хотели дать возможность заработать. Но не забывайте, что это все дала вам страна. Если премьер-министр не разберется, я сам разберусь. Безопаснее деньги держать дома, мы обеспечим их цельность и сохранность. Бакытжан Адбирович, с завтрашнего дня начинайте разработку приоритетных законов, чтобы сюда вернули.

Президент үш рет мүлікті заңдастыру науқаны жүрсе де мемлекет ешкімнің дүниесін тартып алмағанын еске салды. Қазақстанда қолда бар ақшаны еселеп көбейтуге ғана емес, оны сақтауға да жағдай жасалған. Елбасы қайта қазір түрлі санкцияларға байланысты шетелдердегі шоттардың бір күнде күйіп кетуі әбден мүмкін деді. Сондықтан кәсіпкерлердің  дер кезінде ес жиғаны жөн. Бүгін телекөпір арқылы тікелей эфирде бірнеше  жаңа зауыттың  тұсауын кескен президент, әсіресе, дәрі-дәрмек өндіретін  отандық  кәсіпорындарға кедергі келтіргендерді де  аямайтынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Я по ходу нашей встречи сказал и ещё раз предупреждаю тех, кто ставит палки в колёса нашей отечественной фармацевтической отрасли. Надо открывать "зелёную улицу". До сих пор имеющие в Казахстане с иностранными компаниями связь люди по, наверное, не очень хорошим причинам держатся за свои контракты и тяжело пропускают наши компании. Я за этим слежу, ещё раз предупреждаю.

Президент екі ай бұрын ғана аяқталған ЭКСПО-ны естен шығара бастаған Үкіметті де түртіп оятты. Қалғып-мүлгуге мүмкіндік бермеймін деген Назарбаев, министрлерге халықаралық көрмеге қатысқан елдерден жаңа технологияларды пайдаланудың тәсілдерін үйреніп келіңдер деді. Ал заманауи өндірісті дамыту ісіне талантты мамандарды тартып, жастарға жол беру қажет. 

-Ал премьер ертеңнен бастап жақсылықтың қадірін білмейтін, жағдайын жасап алып, далаға қарай қашқан байлардың мәселесімен айналысуы тиіс.  Министрлер кабинеті шетелге кеткен миллиардтарды қайтаруға бағытталған заң жобасын әзірлеуге кіріседі. Бақытжан Сағынтаев сол құжатқа сүйеніп, сырттағы қазақстандық бизнесмендердің мүлкін жаппай тексереді де, арал асқан қаржыны отанға қайтаруы керек. Яғни, жақында қазақстандық байлардың дүниенің түкпір-түкпіріндегі коттедж, яхталарына санақ жүреді деген сөз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде