{metadescription}
Роза Рымбаева қымбат қызыл көйлегін музейге тапсырды
Роза Рымбаева қымбат қызыл көйлегін музейге тапсырды

Роза Рымбаева қымбат қызыл көйлегін музейге тапсырды

Роза Рымбаева жеке заттарын мұражай қорына тапсырды. Ал әншінің  30-ға жуық жәдігерін Семейдің облыстық тарихи өлкетану мұражайының қызыметкерлері қабылдап алған. Олардың қатарында құнды көйлегі де бар.

Кеңес кезінде Роза Рымбаеваның көпшілікке «Әлия» әнімен танылғаны белгілі. Сол, 1977 жылы Болгарияда өткен байқауда сахнаға киіп шыққан ұзын қызыл көйлегін мұражайға табыстаған. Бұл өнер сайысында ол бірінші орын алды. Сонымен бірге, әншінің ән жинақтары, жеке суреттері мен Семей өңіріне қатысты марапаттары да қордың қатарын толықтыра түсіпті. Оларды екі апта бұрын туған жеріне жеке концерт беруге барған Роза Қуанышқызының өзі өткізіп кеткен. Енді мұражайдағылардың мәлімдеуінше, оның бұл заттарын көруге келушілердің қатары арта бастапты.

Айнұр Мұратхан, Семейдегі облыстық тарихи өлкетану мұражайының жоғары дәрежелі маманы:

-Мына Р. Рымбаеваның өнерін сүйіп қарайтын, әндерін тыңдайтын көрермендерге экспозициямыз қызықты деп ойлаймын. Бұл болашақта тек семейліктерге ғана емес, бүкіл музейге келетін шетелдік қонақтарға да қызық болатынына сенеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде