Тікелей эфир: Бас прокуратура шетел асқан миллиардттарды қайтаруға кірісті
Елбасының ескертуінен соң, Жақып Асанов офшордағы қыруар қаржыны отанға қайтару ісін өз бақылауына алған.Бұл жайында толығырақ бізбен тікелей байланысқа шыққан астаналық тілшімізден сұрап білейік. Қайырлы күн Досжан. Бас прокуратура шетелдік шоттарда жатқан миллиардтарды қалай қайтармақ сонда?
Автор: Досжан Маратұлы
07.12.2017
Қайырлы күн Мадина. Әзірге Бас прокуратураның жоспары ауқымды. Бірақ оның қалай жүзеге асатыны әлі белгісіздеу боп тұр.
Бір анығы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың пәрменінен соң бұл іске Бас прокурордың өзі араласқан. Жақып Асановтың айтуынша, шекара асқан миллиардтарды елге әкелу үшін ондаған прокурорды экономикалық қылмыстарды тергеу бойынша арнайы оқытқан. Енді офшордағы қомақты ақшаны Қаржы министрлігімен бірігіп, солар қайтаруы тиіс.
ЖАҚЫП АСАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫ:
-Тиісті тапсырмаларды алдық. Бізде арнайы мамандарды дайындап, онымен сауатты күресу үшін біздің мықты мамандар болуы керек. Бұл бағытта біз басқа өкілетті органдармен бірігіп, сол жұмысты жасаймыз.
Яғни, Бас прокуратура мен Қаржы министрлігі дүниенің түкпір-түкпіріндегі қазақ байларының дүние мүлкін бастан аяқ тексереді деген сөз. Жалпы, қазір оффшор мен шетел банктерінде Қазақстаннан аударылған 12 жарым миллиард доллар жатыр екен. Ақшасын шетелге тыққандардың арасында мүйізі қарағайдай ұлттық компаниялар да бар.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Хватит баловаться, заигрались. Хватит, накупили яхт, имеют в других странах коттеджи, дома. Мы еще никого не проверяли, хотели дать возможность заработать. Но не забывайте, что это все дала вам страна. Если премьер-министр не разберется, я сам разберусь. Безопаснее деньги держать дома, мы обеспечим их цельность и сохранность. Бакытжан Адбирович, с завтрашнего дня начинайте разработку приоритетных законов, чтобы сюда вернули.
Бұл сұрақтың жауабын әзірше шенеуніктердің өздері де білмейді. Өйткені бұл өте күрделі шаруа. Оның үстіне мемлекеттік деңгейде келісімдер жасалуы тиіс екен. Бірақ, бұл туралы толығырақ 20:00- дегі қорытынды жаңалықта айтатын боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!