Тікелей эфир: Алматыда екі әйелді жауыздықпен өлтірген деген күдікті қолға түсті
Полиция 34 жастағы Замандин Палтуевті қайғылы жайттан кейін алтыншы күн дегенде тауып алған. Тергеу барысында анықталғаны, ол бұрын да қолы қанға боялған адам екен. Айта кетейік, осы айдың бірінен екісіне қараған түні апалы-сіңлілі екі әйел өз үйінде өлі табылған болатын. Қаскөй бірін 30, екіншісін 15 жерден пышақтап, үйлерін өртеп кеткен. Олардан бөлек, тағы бір ер адам ауруханада жатыр. Жағдайы ауыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
07.12.2017
Бұл қылмыс тек тұрмыстық сипаттағы жағдай. Яғни, ешқандай астар іздеудің қажеті жоқ екен.
Тәптіштеп айтсақ, барлығы бірге отырып арақ ішуден басталған екен. Оны кеше туыстары да растаған болатын. Өйткені, өртті сөндіріп, үйге кірген бойда бұрыштағы үстелдің үстінен арақ ішкен ыдыстарын көріпті. Ал күдіктінің өзі марқұмдармен бұрыннан таныс болса керек. Ажал құшқан 48 жастағы Людмила Тимофеева мен 31 жастағы Ольга Суслинаның кеше жаназалары оқылып, мәйіттері өз үйінен шығарылды. Екеуінің де артында кәмелетке толмаған балалары қалды. Ал іші қара күйеге боялған үйлері қазір қаңырап тұр. Тұруға келмейді. Айта кетерлігі, Замандин Палтуевтің бұдан басқа да қылмыс жасаған болып шықты.
Ол да адам өлімі. Ақшасын тонап, зорлаймын деп жүріп 1994 жылғы қыз баланы өлтіріп тынған екен. Бұл қылмыстың мән-жайын кешкі жаңалықтарда толықтырып айтатын боламыз.
-Ербол, қылмыскер пышақтап қана қоймай, қанішерлік жасаған, дене мүшелерін кесіп алған деген әңгімелер шыққан еді. Сол рас па?
Бұл сөздің жаны бар. Оны марқұмдардың туыстары айтқан болатын. Өйткені, мүрделерді өрттің ішінен алып шыққан көршілері екені белгілі. Туыстары солардан естуі мүмкін. Бірақ, енді естігені болмаса, нық сенімді емес. Дегенмен, полиция сот-медициналық сараптамасының нәтижелері бойынша ондай жағдайдың болмағанын ескертіп отыр.
Тағы бір ескеретін жайт, Палтуев полицияның құрығына түскенімен, ол әзірге күдікті ғана. Яғни, қанішер нақ осы деп айтуға әлі қақымыз жоқ. Сондықтан, сот үкімін күтеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!