Қазақстан олимпиадаға қатысты Ресейдің өтінішін орындаудан бас тартты
Қазақстан қысқы олимпиададан бас тартпайды. Дүбірлі додадан шеттетілген Ресей біздің елге де айтулы жарысқа қатыспауды сұраған. Алайда көрші мемлекет депутаттарының ұсынысын Спорт министрлігі қолдай қоймады.
Автор: Азамат Алдоңғаров
07.12.2017
Сәкен Мұсайбеков, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:
-Нәтиже жақсы, біздің спортшыларымыз таза. Олимпиадаға жолдама алған спортшыларымыз олимпиадаға дейін тағы бір рет допинг сынамаларды тапсырады. Біздің спортшыларымызға жол ашық. Ешқандай кедергі бізде жоқ. Сондықтан олимпиадаға тек қана таза спортшылар барады.
Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін ақ олимпиада ақпанның тоғызында ресми түрде ашылады. Ал оған жолдамалар қаңтардың соңына дейін ойнатылады. Қазірдің өзінде Қазақстанда 23 лицензия бар. Олар биатлон, шортрэк және мәнерлеп сырғанау бойынша. Қаңтарға дейін біздің спортшылар 50 жолдама алуды көздейді. Қазақстан олимпиада бағдарламасындағы 15 спорт түрінің 9-ы бойынша бақ сынайды. Спорт министрлігінің өкілдері жүлде туралы болжам жасауға батпай отыр. Десе де сексеннен астам елдің үздік 25-іне ілігуіміз тиіс дейді. Еске салсақ Халықаралық олимпиада комитеті Пхёнчхандағы жарыстан допинг қолданғаны үшін Ресейді шеттеткен. Бірақ ресейлік спортшылар ел туын көтермей,тәуелсіз спортшылар ретінде қатысуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!