{metadescription}
Алматыда қос келіншекті өлтірді делінген күдіктінің басқа да қылмыстары ашылып жатыр
Алматыда қос келіншекті өлтірді делінген күдіктінің басқа да қылмыстары ашылып жатыр

Алматыда қос келіншекті өлтірді делінген күдіктінің басқа да қылмыстары ашылып жатыр

Қос бірдей әйелді өлтірген қанішер, қашып жүріп те қолын қанға малған. Алматыда адам өлтірді деген күдікпен ұсталған Замандин Палтуев тонау мақсатында үшінші бір қызды да жер жастандырғаны белгілі болды. Людмила Тимофеева мен Ольга Суслина осы айдың бірінен екісіне қараған түні өз үйінде өлі күйінде табылған болатын. Бірі 30, екіншісі 15 жерден пышақталған. Осы оқиғадан зардап шеккен тағы бір ер адам ауыр хәлде ем қабылдап жатыр. Десе де қалалық ішкі істер департаменті апалы-сіңлілі екеудің өлімі бойынша тұрғындарды үрейленбеуге шақырып отыр. Департаменттің ресми өкілі нақ осы...

йтқа қатысты ішін ақтарып, өлікті қорлаған деген сынды алыпқашпа әңгімелерден аулақ болуға үндейді.

Күдікті ретінде ұсталған Замандин Палтуев екі әйелді өлтіргеннен кейін тағы бір 23 жастағы қызды жер жастандырғанын мойындапты. Бірақ, бұл қылмыстың нақты қашан және қай уақытта болғаны жарияланбай отыр. Жалпы, осы мәселеде полиция өкілдері елдің назарын басқаға аударғысы келеді.

Яғни, ішкі істер департаменті қала жұртын қанішер жауыз пайда болды деген қорқыныштан арылқысы келетін сияқты. Өйткені, бір сайтта 23 жастағы қызды зорламақ болған, көнбегесін күре тамырын әйнек сынығымен кесіп өлтірген, ал полиция қыздың өлі денесін іздеп, 40 минут дегенде әрең тапты деген ақпарат тараған болатын. Бірақ, бүгін өткен брифингте ресми өкіл ел арасындағы өсек-аяң былай тұрсын, сенімді дереккөзге сілтеме жасаған ақпарат құралдарына да сенбеуге шақырып отыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі: 

-Бұл бейресми мәлімет. Көріп тұрсыз ғой, оның қайнар көзі жоқ бұл бейресми мәліметтің. Сондықтан да әріптестер, бір-бірімізге кедергі болмайық. Тек ресми мәліметтерге сүйеніңіз.

Ол туралы деп айтатын ақпарат азғантай ғана. Еш жерде жұмыс істемейтін, өзі ішкілікке салынған адам екен. Бұрын сотталмаған, яғни ауыр қылмыстан ада. Сондықтан, алдын ала мәлімет бойынша, қатты мастықтың кесірінен не істеп, не қойғанын білмей, жанындағыларын жайратып салған.

Осы істе тағы бір ер адамның жапа шеккені белгілі. Палтуев тергеу барысында оны да өлтіргісі келгенін мойындапты. Бірақ, көрер жарығы бар екен. Қазір ол ауыр хәлде ауруханада жатыр. Жалпы, қанды қылмыстың шет-жағасы көрші үйлердің бірінің бақылау камерасына түсіп қалғанын айта кетейік.

Біздің қолымызға сол бейнежазбаның бір бөлігі тиген еді. Балағы қанға боялған біреу аяғын сылтып басып, өрт сөндірушілердің қасынан өтіп барады. Оны елеп жатқан біреу жоқ. Жалпы, бұл қылмысқа арақ себеп болды дейді полиция тарапы. Яғни, ажал құшқандар мен қылмыскер және жапа шеккен ер адам  бәрі сол түні бірге отырып ішкен екен. Ал кеше Людмила Тимофеева мен Ольга Суслинаның денелері жер қойнына тапсырылды.

Жоқ, тергеу бітпейінше кесіп-пішіп ештеңе айтуға болмайды. Тіпті, жапа шеккен ер адамның қай ауруханада жатқаны белгісіз. Жалпы, осы қанды оқиға үш күннен бері ақпарат құралдарында сөз болып жатыр.

Бірақ, құқық қорғау органдары бүгін ғана оқиғаның басын ашып айта бастады. Яғни, тек тұрмыстық сипаттағы қылмыс. Барлығын қорытындылай келгенде, 34 жастағы Замандин Палтуев үш әйелдің өлімі және тағы бір ер адамды ауыр соқыға жығу фактілері бойынша айыпталып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде