{metadescription}
Бас дәрігер елдегі өлім-жітімнің көбейіп кеткеніне алаңдаулы
Бас дәрігер елдегі өлім-жітімнің көбейіп кеткеніне алаңдаулы

Бас дәрігер елдегі өлім-жітімнің көбейіп кеткеніне алаңдаулы

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгін тіпті өлімді жасыруды әдетке айналдырғандарды сынға алды.

Мәселен Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстары ана өлімі, онкология және жалпы өлім бойынша қара тізімді бастап тұр. Қостанайлық шенеунік министр алдында егде тартқан халқының жасын айтып ақталғысы келіп еді, бірақ министр тыйып тастады. Сөзінше науқастарға тиісті ем мен күтімнің арқасында Қазақстандағы орташа өмір сүру жасын едәуір ұзартуға болар еді. Елжан Біртанов ақ халаттыларға аналардың өмірін сақтауды қызылордалық әріптестерінен үйренуге шақырды. Ол жақта ана өлімі мүлдем жоқ көрінеді. Ал онкология бойынша ауру анықталған соң бес жылдық өмір сүру көрсеткіші мүлдем сақталмайтын көрінеді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Сіздер асқынып кеткен онкологияны не анықтай алмайсыздар, не болмаса көрсеткіштерді бұзбас үшін ерте анықтадық деп қағаз толтырасыздар. Бірақ ол науқастар ұзақ өмір сүрмейді. Қағаз толтырумен айналысуды қойыңыздар. Ертең ақпараттық  жүйе ішінде бұл ақпараттардың барлығы оңай тексерілетін болады. Сондықтан скринингке көңіл бөліңіздер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде