{metadescription}
Қожамжаров Қазақстаннан ұрланған ақшаның көлемін айтты
Қожамжаров Қазақстаннан ұрланған ақшаның көлемін айтты

Қожамжаров Қазақстаннан ұрланған ақшаның көлемін айтты

Қазақстаннан жемқорлардың ұрлаған ақшасы 8 миллиард долларға жеткен. Бюджет  қаржысын тонағандардың көбісі бұрынғы министр мен әкімдер. Алайда отанынан қашқандардың көбісі Еуропа елдерінен саяси баспана алып, жазадан сытылып кетті. Алайда Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро олардың түбі ұсталатынына сенімді.

Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, соңғы он жылда елімізден 200-ден астам шенеунік бюджет ақшасын жымқырып, шетелге қашқан екен. Осы әкімдер мен министрлердің ұрлаған ақшасы 8 миллиард долларға жуықтап қалған. Шенеуніктердің басым бөлігі ұсталып, елге қайтарылғанымен, қулығына құрық бойламайтын кейбір қашқындарды жазалау қиынға соғып тұр дейді Қожамжаров. Ол әрине Мұтар Әблязов пен ерлі-зайыпты Храпуновтар. Бірақ, агенттік төрағасы бұлардың да жазасыз қалмайтынына сенімді екен.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

-Әрине, бірінші кезекте ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Әбілязов пен Храпуновтарды атап өткен жөн. Қазір олар саяси баспананың арқасында құтылып кетеміз деп ойлайды. Бірақ біз олардың жазадан құтыла алмайтынына сенімдіміз. Біз шетелдік әріптестерімізбен бірлесе отырып, әрбір жемқордың тиісті жазасын береміз.

Президенттің пәрменінен соң Қайрат Қожамжаров та оффшордағы миллиардтарды қайтару ісін қолға алған. Айтуынша,  Қазақстанның 18 компаниясына тиесілі шетелдегі капитал ұрланған ақша емес. Бірақ, 12 жарым миллиард доллар қалайда қайтарылуы тиіс.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Ұлттық компанияларға ақшасын шетелге шығаруға зай бойынша тыйым салынбаған. Бірақ, ақша елімізде сақталуы тиіс. Бұл меніңше іске асатын шаруа. Барлығын бақылауға алдық.

Агенттік төрағасы жемқорлыққа қатысты өзге де маңызды мәліметтермен бөлісті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде