Алашорданың қабылдау үйінен күй кетті
Семейдің облыстық тарихи- өлкетану музейінің қызметкерлері ғимараттарына ескерткіш тақта орнатуды сұрайды. Олар қазіргі музейдің кезінде Бостандық үйі болғанын алға тартып отыр. Айтуларынша, Әлихан Бөкейханов бастаған ұлт көсемдері халықпен кездесулерінің басым бөлігін сол мекемеде өткізген.
Автор: Ұлан Нұрахмет
08.12.2017
Ал бұл туралы мәліметтер Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мақаласында жазылған. Бірақ мұны екінің бірі біле бермейді. Өйткені ғимарат 1856 жылы генерал- губернатордың бұйрығымен салынғандықтан, әлі күнге дейін жұрттың есінде «Губернатордың үйі» деген атпен қалып келеді. Енді мұражай мамандары оның Алаш билігі тұсында Бостандық үйі болғанын ешкімнің елемей жатқанына қапалы. Олар өскелең ұрпақ пен музейге келетін қонақтар ғимарат тарихын терең түсінетін уақыт жетті деп отыр. Бұл үшін ол үйде Әлихан Бөкейхановтың болғаны туралы ескерткіш тақтаның орнатылуы шарт екен.
Ләззат Әлжан, Семей тарихи-өлкетану музейі директорының міндетін атқарушы:
-Бұл үйде Ә. Бөкейхановтың болғандығы туралы бір ескерткіш тақта орнатылса деген біздің тілегіміз бар. Өйткені бұл жерлер, бұл көше, бұл ғимарат, бұл бөлме барлығы саяси адамдардың жүріп өткен жолы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!