{metadescription}
Алматылық дәрігерлер ұзақ уақыт комада болған сырқаттың туыстарын іздеп жатыр
Алматылық дәрігерлер ұзақ уақыт комада болған сырқаттың туыстарын іздеп жатыр

Алматылық дәрігерлер ұзақ уақыт комада болған сырқаттың туыстарын іздеп жатыр

Жасы шамамен 45-50-дегі ер азамат қаладағы базарлардың бірінен ес-түссіз күйінде табылған.

Атпалдай азаматты әлдебіреулер есінен таңғанша соққыға жығыпты. Сөйтіп, тыр-жалаңаш шешіндіріп, «Жетіқұрдас» базарының маңына тастап кеткен екен. 20 күндей ес-түссіз жатқан науқас есін енді жиды. Бірақ, қатты соққыдан миы зақымдалып, сөйлеу, жазу қабілетін айырылыпты. Оны емдеп болған ақ халаттылар енді жігіт ағасын қайда жіберерін білмей бас қатыруда. Аты-жөнін айта алмаған азаматты қамқорлық орталығы да «құжаты жоқ» деп қабылдамай қойыпты. Дәрігерлердің айтуынша, азамат маскүнемге ұқсамайды. Бұрын күтім көргені көрініп тұр дейді. Соны ескеріп, полицияға хабар берген. Бірақ, әзірге іздеп келген ешкім жоқ. 

Қайрат Омарбаев, Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының аға дәрігері:

- «Жеті құрдас» деген біздің аурухананың жанындағы базардан алып келген болатын. Бұл науқас Қырғызстаннан, Өзбекстаннан келіп жұмыс істеп жүрген отбасы бар адам деп ойлаймыз. Жұмыс істеп жүрген, кәдімгі бір үлкен отбасыны бағып отырған азамат деп ойлаймыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.