Атырауда судьялар мерзімді қысқарту үшін күдіктіден ақша талап еткен
Судьялардың мәселесі Жоғарғы сотта! Бұған атыраулық азаматтың жергілікті судьялар алдап кетті деген шағымы себеп болып отыр. Нұрбол Өтеновтің айтуынша, Атыраудағы әкімшілік сотының судьялары жаза мерзімін қысқарту үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде ақша сұраған. Одан бөлек үй салып беруді де талап етіпті.
Автор: Жанар Низамутдинова
08.12.2017
Атыраудағы әкімшілік соты судьялары – Ботакөз Хасенова мен Фатима Аңсариевадан алданып қалдым деген Нұрбол Өтенов «адам ұрлау» бабымен 7 жылға сотталған. Бірақ кәмелетке толмаған баласын өзі асырап отырғаны ескеріліп, қалған 3 жылы шартты жазаға ауыстырылыпты. Айтуынша, осы мерзімді мүлдем жою үшін өзіне таныс қос судья мұны алдап-соққан. Яғни, ол Ботагөз Хасеноваға талап етілген соманың 7 мың долларын ұстатқан, және де туған ауылынан үй салып берген. Бірақ уәде орындалмапты. Ол аздай Хасенова үй салған өзбекстандықтарды да алдап соғып, 2 миллион 200 мың теңгесін бермей қойған-мыс. Ал бұл шулы жайтқа байланысты Атырау облыстық соты әзірге жұмған ауыздарын ашпай отыр.
Нұрбол Өтенов, Атырау қаласының тұрғыны:
-4 тамыз күні Астана қаласына бірге ұшып барып екеуіміз 7000 доллар ақшасын берген болатынмын. Ал, қалған ақшасына Исатай ауданы, Манаш ауылынан үй салдыртты. Оған 7. 000 доллар ақша кетті, менің сотталғанымды біледі. Маған ештеңе істей алмайсың деп осы күнге дейін айтып келе жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!