Ми-2 тікұшағы командирдің кінәсінен құлаған.
Ми-2 тікұшағы командирдің кінәсінен құлаған
08.12.2017
Осы жылдың қыркүйек айында Ақмола облысында құлаған әуе кемесіне қатысты арнайы құрылған комиссия осындай қорытынды шығарды.
«Тянь-Шань» компаниясына тиесілі МИ-2 тікұшағы рұқсаты болмаса да түнгі уақытта орман өртін көктен бақылауға шыққан екен. Бірақ, жерге қона алмай, төбеге соқтығысқан. Апаттан соң денесін қатты күйік шалған борттағы үш экипаж мүшесінің бірі ауруханаға жеткізілді. Инвестиция және даму министрлігінен құрылған арнайы комиссия оқиғаны зерттей келе, апатқа ұшақ командирі кінәлі деген тоқтамға келіпті. Ресми мәлімдемеде «командир жерге қонар сәтте табиғи кедергілерді ескермеген» деп жазылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!