{metadescription}
Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро шенеуніктердің кезекті былығын әшкере етті
Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро шенеуніктердің кезекті былығын әшкере етті

Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро шенеуніктердің кезекті былығын әшкере етті

Қазақстаннан жемқорлардың ұрлаған ақшасы 8 миллиард долларға жеткен.Бюджет  қаржысын тонағандардың көбісі бұрынғы министр мен әкімдер. Алайда отанынан қашқандардың көбісі Еуропа елдерінен саяси баспана алып, жазадан сытылып кетті. Енді  қолдарына қашан кісен салынары  белгісіз. Олардың соңына шам алып түскен  Жемқорлыққа қарсы агенттік отанына бас сауғалағандардың түбі ұсталатынына сенімді.

-Есілдің сол жағалауында жемқорлыққа қарсы ауқымды күрес жарияланғаны қашан. Министр, әкім, қатардағы шенеуніктерді айтпағанда білдей бір Үкімет басшысы да түрмеге жабылды. Алайда, бұл қазынаға қол сұғатындардың санын азайта қойған жоқ. Ал бүгін тергеушілер сол ақшаның бюджеттен қандай жолмен ұрланғанын тәптіштеп түсіндіріп берді.

Мәселен, жегенін  шекара асырғандардың бірі-экс премьер-министр Серік Ахметов. Ірі көлемде пара алғаны үшін сотталып бірер ай бұрын рақымшылықпен бостандыққа шыққан Ахметов 360 миллион теңгені Біріккен араб әмірліктеріндегі шотына  аударған екен. Сонымен қатар қазір түрмеде отырған «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев та жымқырғанын шетелде жасырғысы келіпті.

Талғат Татубаев, ҚР Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро жетекшісі:

-Талғат Ермегияев ұлттық компанияның өзге де лауазымды қызметкерлерімен бірігіп, 13 миллиард теңгені шетелдегі фирмаға аударған. Артынан осы қыруар қаржы «Экспо» көрмесінің шаруасына жұмсалды деп есеп берген. 

Ұрланған миллиардттар қазір  қазынаға қайтарылған. Ал, Мұхтар Әбязов пен ерлі-зайыпты Храпуновтарды елге қайтару қиынға соғып тұр.

Себебі алаяқ банкир Франциядан саяси пана тапса, Алматы қаласының экс-әкімі Виктор Храпунов  отбасымен Швейцарияда шалқып өмір сүріп жатыр. Ым-жымы бір құдалардың жегені бір шағын мемлекеттің бюджетіне тең.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

-Әрине, бірінші кезекте ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Әбілязов пен Храпуновтарды атап өткен жөн. Бірақ біз олардың жазадан құтыла алмайтынына сенімдіміз. Біз шетелдік әріптестерімізбен бірлесе отырып, әрбір жемқордың тиісті жазасын береміз.

Негізі соңғы он жылда елімізден 200-ден астам шенеунік бюджет ақшасын жеп, шетелге қашқан екен. Олардың ұрлаған ақшасы 8  миллиард долларға жуықтап қалған. Қайта халықаралық келісімдердің арқасында Ұлттық бюро қашқындардың басым бөлігін отанға қайтарып, түрмеге жапқан. Десе де, 51 қазақстандық әлі дүниенің түкпір-түкпірінде жасырынып жүр.

-Енді  парақорлықты жою үшін   мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өскелі жатыр. Жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасының айтуынша,шенеуніктер айлығы жетпеген соң пара алады екен. Сондықтан, келер жылдан бастап,астаналық  атқамінерлердің  жалақысы екі есеге көтірілмекші. Егер ауызбастырық дәмететіндердің саны күрт азайса, бұл  бастама бүкіл ел аумағында да іске асуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде