{metadescription}
Алматыда бүлік жасамақ болғандар қару-жарақты Қырғызстаннан сатып алмақ болған
Алматыда бүлік жасамақ болғандар қару-жарақты Қырғызстаннан сатып алмақ болған

Алматыда бүлік жасамақ болғандар қару-жарақты Қырғызстаннан сатып алмақ болған

Алматыда адамдарды төңкеріс жасауға шақырған топ полицейлер мен шенеуіктерге шабуыл жасауды жоспарлаған. Ішкі істер басқармасы бертінде қолға түскен күдіктілердің жүзеге асырмақ болған жоспарымен бөлісті. Сонымен қатар, жымысқы әрекеттері туралы талқылаған әңгімелері жарияланды.

Елге іріткі салуды көздеген қылмыстық топтың ойға алған операциясы құдды «Барбароссадай». Алдымен, қалталыларды қыспаққа алып, бопсалауды жоспарлаған. Артынша жиған ақшаны арқалап, Алатаудың арғы бетіндегі айырқалпақты ағайындарға асып, қару-жарақ алмақ болған. Тіпті, алда-жалда астыртын әрекеті әшкереленсе, кінәні қиналмай мойына алатын адамдарын да дайындап қойған.

-Оны жария етпеуіміз керек. Сол үшін өткенде айтқандай, аузына құм құйылған адам керек. Көрген нәрсені көрмей кетеді. Сосын бір адам мойнына алып кететіндей. Бәріміз кеткеннен нәтиже жоқ. Соның артынан басқа адамдар оны ұмытпауы керек.

Тергеу мәліметінше, бірлікті бүлікке, тірлікті түнекке айналдыруды көздегендер өз жоспарларын әр үтір, нүктесіне дейін пысықтаған. Құдды фильмдегідей бастан бақайшаққа дейін мұздай қаруланып, құзырлы орган мен мемлекеттік құрылым өкілдеріне шабуыл жасауды ойға алыпты.

Салтанат Әзірбек Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

-Сот алды тергеу жұмыстарын жүргізу барысында бұл азаматтардың қылмыстық әрекеттерге бел буғанына біз көзімізді жеткіздік. Ол процессуалды түрде дәлелденген деректер. Яғни, бұл азаматтар бірінші кезекте мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қоқан лоқы әрекеттерді ұйымдастырмақшы болған.

Құзырлы орган қызметкерлері күдіктілерді біраз уақыт сырттай бақылаған. Тіпті олардың дайындығына дейін жасырын камераға түсіріп, дауыстарын жазып отырыпты. Әңгіме ауандарына қараса, олар өліспей беріспеуге бекінген.

-Ешкім бермейді билікті. Сол үшін бізге керек ең бірінші «ячейка». Жақсы-жақсы жігіттер керек. Жігіттер бар, жоқ емес.

Яғни, Жұмағұлов, Өміров, Әбішев билікті өзгертуді көксеген. Үшеуі Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының тумалары. Жас шамалары 40 пен 50-дің арасында.  Құқық қорғау органдары өздері секілділерді қудалауды тоқтатпаса жаппай қарулы күреске шығуға да бел буған.

-Тыныштықтың орнына топалаң әкелмек болған топ қылмыстық кодекстің 256 бабы, яғни терроризмді насихаттау бойынша айыпталып жатыр. Өткен аптада соттың шешімімен 2 айға тергеу абақтысына жабылды. Қазіргі уақытта полицейлер қолда бар дерек пен дәйекті таразыға салып, олардың жақтастары бар-жоғын анықтап жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде