Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар төрт күн демалады
Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар төрт күн демалады. Заңға сәйкес, егер де мейрам демалыс күніне түссе, аптаның алғашқы жұмыс күні демалыс деп жарияланады. Желтоқсанның 16-17-сі биыл сенбі, жексенбіге түсіп отыр. Сондықтан бес күндік жұмыс кестесі бойынша дүйсенбі, сейсенбі қосымша демалыс болуы тиіс. Осылайша Тәуелсіздік мерекесі төрт күн тойланады. Ал аптаның алты күнінде жұмыс істейтіндер 18-і, дүйсенбі қосымша демалып, сейсенбі күні жұмысқа шығады. Осы аптада Үкіметтің арнайы қаулысы шығуы тиіс. Онда демалыс күндері нақтыланады.
11.12.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
30 қараша
29 қараша
Серіктестер жаңалықтары