{metadescription}
Америкадағы орман өрті мыңдаған адамның өміріне қауіп төндіріп тұр
Америкадағы орман өрті мыңдаған адамның өміріне қауіп төндіріп тұр

Америкадағы орман өрті мыңдаған адамның өміріне қауіп төндіріп тұр

Америкадағы Санта-Барбара қаласының жиырма мыңнан астам адамның өміріне қауіп төніп тұр.  Калифорния штатындағы орман өрті күн өткен сайын күш алып барады.

Тынық мұхит жағалауындағы қалалардың бәрін жайпап келе жатқан тілсіз жау Карпинтерия және Монтесито қалаларына таяп қалды. Жергілікті билік екі елдімекеннің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіруді бастап кеткен. «Томас» деген атау берілген орман өрті бүгінге дейін 80 мың гектар жерді күлге айналдырған. Сан-Диегода төтенше жағдай жарияланды. Мыңдаған тұрғынның үйлері өртеніп кетті. Қуаңшылықтан тұтанған жалынды өшіру мүмкін болмай тұр. Шөл даладан соққан ыстық жел де өртті ауыздықтауға мұрша бермей жатыр. АҚШ 2017 жылы өрт салдарынан 10 миллиард доллар шығынға батқан. Өйткені қызыл жалын шаруа қожалықтары мен дәнді дақыл алқаптарының түгін қалдырмапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде