{metadescription}
Тікелей эфир: қаһарына мінген қыс әуежай жұмысын қиындатты
Тікелей эфир: қаһарына мінген қыс әуежай жұмысын қиындатты

Тікелей эфир: қаһарына мінген қыс әуежай жұмысын қиындатты

Астанада қыс қаһарына мінді. Бүгін Елордада қалың қар жауып, боран болады. Синоптиктер әсіресе, күн батқанда жолға шықпауға кеңес береді. Түнде желдің жылдамдығы да күшейеді екен. Ауа райының қолайсыздығынан күндіз Назарбаев әуежайында  9 рейс кейінге қалдырылды.

Жолдан қалдық деп шулап жүрген ешкім жоқ. Жалпы жолаушы саны да аса көп емес. Ал Назарбаев әуежайындағы таблода бүгін 9 рейс кешігеді деп жазылған. Негізі, ұшақтардың кестесі демалыс күндері бұзылған екен. Ауа райына байланысты осымен үшінші күн  әуе кемелері уақытылы көкке көтеріле алмай жатыр.

Нұрлан Шұғаев, Н. Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың  Өндірістік басқару орталығының басшысы: ауд

- Ішкі рейстердің жаппай кешігуіне ұшақтардың уақытынан кеш келуі себеп. Ал әуежай қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Ұшу жолақтары  ашық. Қарды дер кезінде тазалап отырмыз.

Астанадан көбіне «Эйр Астананың» ұшақтары кешігуде.  Ал әуекомпаниясының лайнерлеріне Астана әуежайы қызмет көрсетпейді екен. Яғни, әуежайдағы ұшу жолдарын мекеменің өзі қардан аршып, тазалап  отырады. «Эйр Астанадағылар» болса, бұл жылда қыспен қатар келетін маусымдық қиындық деп, сұқбат бермеді.

Халықаралық рейстер кестеден кешігіп жатқан жоқ. Әуежайда тек ішкі рейстердің кейінге қалдырылғаны жазылған. Мәселен, Астанадан Таразға түскі 14-20 шығуы тиіс ұшақ түнгі 3-50 бір-ақ көкке көтеріледі. Бұл ұшақ «Скат» әуекомпаниясына тиесілі. Павлодар, Шымкент пен Алматыға да ұшақтар бірнеше сағатқа уақытынан кейін ұшады. Қазір Астанада қала ішінде де түнімен жауған қалың қарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Әкімдік оған 900 астам техника мен 2 жарым мың жұмысшы тартыпты. Түнде тағы боран болатынын ескерсек, астаналық тазалыққа жауаптылар тыным таппайын деп тұр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде