{metadescription}
Шымкентте халықаралық конференция өтіп, отандық жас ғалымдар төл жобаларын ұсынды
Шымкентте халықаралық конференция өтіп, отандық жас ғалымдар төл жобаларын ұсынды

Шымкентте халықаралық конференция өтіп, отандық жас ғалымдар төл жобаларын ұсынды

Қазақстан мен ТМД университеттерінен жиналған студенттер Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында бас қосқан.

Сухраб Жапаров, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары:

- Мұндай шара жастардың ынтасын оятады. Ғалымдардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. Жаңа идеялар да осында туындап жатады. Мұндай таптырмас мүмкіндікті Тұңғыш Президент қоры беріп отыр.

Ғылымға құштар студент пен магистранттар 2 күн бойы тың ойларын ортаға салды. Олардың биология мен фармацевтика саласында ойлап тапқан жаңалығы көп ұзамай ел игілігіне пайдаланылуы әбден мүмкін. Өйткені, Тұңғыш Президент қоры үздік жобаларды іске асыруға жағдай жасайды. Қор осы игі шараны бесінші жыл қатарынан қолдауда. Осы уақытта жастардың ғылымға деген ынтасы арта түскен. Мәселен, биыл конференцияға қатысуға 700 адам ұсыныс білдіріпті. Олар іріктеліп, озық шыққан 200-і ғана шараға қатысты. Мұнда адамзат баласы үшін ең өзекті мәселелер талқыланды. Әсіресе, бүгінде етек алған бедеулік мәселесі қатысушыларды алаңдатып отыр. Конференция дәстүр бойынша үлкен концертпен аяқталды. Ал, соңында үздіктер салтанатты түрде марапатталды.

Бегайдар Нұрмашев, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының проректоры:

- Мен ойлаймын келешекте үлкен-үлкен ашылулар болады. Осындай форумдардың арқасында. Мен айтар едім келешегі бұл іс-шаралардың өте зор. Және де бұл 10 жылдық, 20 жылдық, осы ТПҚ-мен бірлесе біз осы конференциямызды әрі қарай жалғастыра береміз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.