{metadescription}
Жақып Асанов жаңа қызметке тағайындалуын ең  үлкен бақытқа теңеді
Жақып Асанов жаңа қызметке тағайындалуын ең  үлкен бақытқа теңеді

Жақып Асанов жаңа қызметке тағайындалуын ең үлкен бақытқа теңеді

Есілдің сол жағалауында ірі кадрлық ауыс-түйіс. Бас Прокурор, Жоғарғы сот төрағасы, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттіктерінің басшылары бір сәтте тағынан түсті. Алайда, Жақып Асанов, Қайрат Қожамжаров пен Қайрат Мәми көп уақыт өтпей   жаңа орынтаққа жайғасып үлгерді. Үш басшы бір-бірінің орнына барса, Конституциялық кеңестің төрағасы ғана жұмыссыз қалды.

- Қарлы боранмен бірге кешке таяу сол жағалау да бір дүрлігіп қалды. Өйткені, күтпеген жерден Сенаттың жалпы отырысы шақыртылғанымен, онда не болатыны аса құпияда ұсталды. Сөйтсе, халық қалаулыларының аяқасты жиналуына президенттің тосыннан кадрлық ауыс-түйіс жасау себеп болған екен. Өйткені, Конституция бойынша құқық қорғау органдарының басшыларын тағайындау үшін Жоғарғы палатаның келісімі керек.

Сонымен, Бас Прокурор Жақып Асанов қызметтен босатылып, Жоғарғы сот төрағасы болды. Ескі төраға Қайрат Мәми, Конституциялық кеңеске жетекшілік етпек. Мәми ол жерде 67 жастағы Игорь Роговты алмастырды. Роговқа қызмет бұйырмады, сондықтан зейнеткерлердің қатарын толтырады. Айта кетерлігі, жаңа төрағаның зейнетке кеткен төрағадан жас айырмашылығы небары 4 жыл. Бос қалған Бас прокурордың жылы орнын Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттікттігінің басшысы Қайрат Қожамжаров басты. Ал оның орнына өзінің орынбасары Алик Шпекбаев тағайындалды.

Жабық есік жағдайындағы жиынға Бас прокурор болып кіріп, Жоғарғы сот төрағасы болып шыққан Жақып Асанов журналистердің камераларына іліккен жалғыз шенеунік. Прокурорлық 1 жарым жылда бастаған істерімді аяқтай алмадым деген ол, Мәжілістен бақытты болып шығыпты.

Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы соты төрағасы:

-Біздің ең үлкен құндылығымыз ол халықтың сенімі. Сол үшін барлық күш-жігерімді, білімімді, барлық білетінімді соған жұмсаймын. Соған уәде бердім жана депутаттардың алдында. Сондықтан мен ойлаймын, бұл үлкен бақыт. 

Жоспарлары туралы айтуға ешқайсының құлқы болмады. Соған қарағанда ауыс-түйіс өздеріне үлкен тосын жайт болған сияқты. Ал сенаторлар Қайрат Мәмидің де еңбектерін еш етпеуге тырысып, енді сот жүйесін реформалау Асановтың ғана қолынан келеді деген пікір білдірді.

Дулат Құсдәулетов, Сенат депутаты:

-Қайрат Мәми көп жылдар істеді. Сот  жүйесіне көп еңбегі сіңген. Сосын президент қазір жаңадан қарайтын көз керек деп Жақып Қажыманұлын тағайындады. Көп ойландым деді. Бүгін-кеше ғана келген шешім емес, көп ойланып осындай тоқетерге келдім деп айтты.

Төрт үлкен мекеменің басшылары өзгергенімен, бұл саяси қадам бұл жолы да жаңа есімдерді жаңғыртпады.

-Бір сөзбен бұл ауыс-түйіс қана. Өйткені, ат ауыстырып жатқандардың бәрі саясат сахнасында көптен жүргендер. Тек бір-бірінің орнына барып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде