Халық санын енді онлайн көруге болады
Бүгін Статистика агенттігі электронды есептеуішті іске қосты. Автоматты жүйе сәт сайын жаңарып, адам санының өсімін онлайн көрсетіп отырады.
Автор: Досжан Маратұлы
13.12.2017
Агенттіктің сайтындағы есептеуішке сенсек дәл қазір халық саны 18 миллион 146 мыңнан асып жығылады екен. Оның 9 миллион 400 мыңы әйелдер, ал 8 миллион 800 мыңы ер адам. Бір қызығы елімізде орта есеппен әрбір 81 секунд сайын сәби дүниеге келеді екен. Ал, 216 секунд сайын бір адам қайтыс болады. Енді онлайн есептеуішті іске қосқан агенттік, болашақта үй аралап халық санағын жүргізуден бас тартпақшы. Бірақ, ол үшін деректер базасы мен басқа да техникалық мәселелерді әлі реттеу қажет. Сондай-ақ, жауаптылар алдағы 5-10 жылда адам саны қанша болатынын да нақты болжап отырмақ.
Нұрболат Айдапкелов, ҚР Статистика агенттігінің төрағасы:
-Болашақта мұның барлығын жетілдіреміз. Болжау мерзімін өзгертеміз. Ол жаңағы екі жыл емес, мүмкін 5 жылға дейін көреміз. Ол үшін жұмыс істеу керек. Сол сияқты болашақта регион деңгейіне ауыстыруымызға болады. Астана, Алматы мен облыстарда қаншалықты халық саны өзгеріп жатқанын көруге.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!