{metadescription}
0:000:00
Қараша айында акция нарығына құйылған қаражат рекордттық көрсеткішке жетті

Қараша айында акция нарығына құйылған қаражат рекордттық көрсеткішке жетті

16 триллион 900 миллиард теңге 22-ші  қараша күні тіркелген. Бұл ел тарихында болмаған ақша екен. Ал жалпы валюталық сауда көлемі 10 триллион 246 миллиард теңгеге жеткен. Бірақ бұл қазан айының көрсеткішіне қарағанда 708 миллиард теңгеге кем. Қазақстан қор биржасының қарашадағы қорытындысы осындай.

Ол қазір бізбен тікелей байланыста. Ербол, ақша нарығы дегенде елдің ең алдымен білгісі келетіні теңгенің тағдыры. Қандай сауда жүріп жатыр? Теңгенің құны қанша?

Дұрыс айтасыз. Қор биржасында қаражат саудасы қызып жатқандықтан, 1-2 теңгелік ауытқуын ұстап әдеттегідей қарқынмен сатылып жатыр. Бірақ, құнды қағаздар барлық түрі бойынша сатылымы 42 пайызға азайған.

Ал теңгенің тағдырына келсек, қарашаның ортасынан бері қарай қайта құлдырап бара жатыр. Оның себебі, ол енді көз үйренген көрініс. Мұнай мен шикізат экспорты төл ақшамыздың құнын қалыптастыратын негізгі факторлар. Сондықтан, теңгенің неліктен нығайып, қазір қайтадан құбылмалы әдетіне басып бара жатқаны түсінікті болады. Қор биржасының өкілдері оны құлдырау немесе әлсіреу демейді. Олар бұл жағдайды теңгенің қалыпты көрінісі деп атайды екен.

Андрей Цалюк, Қазақстан қор биржасы басқарма төрағасының орынбасары:

-Қарашаның ортасына дейін мұнай біраз көтерілді. Экспорттаушылар сол кезде айтарлықтай көлемде мұнай сатып, шетел валютасына біраз қарық болды. Сол уақытта теңге тапшы бола бастады да бұл ұлттық валютамыздың біршама нығаюына әкелді.

Одан кейін компаниялардан салық түсімі төмендеп, қоғамда шетел ақшасы біраз сатылғаннан кейін теңгенің долларға шаққандағы құны қайтадан бұрынғы қалпына келе бастаған. Сөзіміздің дәлелі Ұлттық банк сызған мына графикада тұр. Қазір 1 доллар шамамен 335 теңгеден саудалануда.

-Жалпы, Ұлттық банкке теңгенің нығайғаны тиімді ме? Кей сарапшылар экономиканы көтеру үшін өз ақшамызды әдейі әлсіретеді деп жатады ғой...

Иә, қаржы нарығын өзі реттеп отырғаннан кейін мұндай ойын жүргізетінін талайдан бері естіп жүрміз. Және сол әдет әлі де қайталанып отырған сияқты.

Негізі бұл сұрақтың жауабы тікелей Ұлттық банктің құзырындағы нәрсе. Өйткені, төл валютамыздың құны осы КАСЕ-де қалыптасатын болғанымен, оны интервенция құйып аяқасты өзгерте алатын құдірет Ұлттық банктің қолында бар. Ал теңгені әдейі әлсірету немесе нығайту жөніндегі КАСЕ өкілінің пікірі мынадай.

Андрей Цалюк, Қазақстан қор биржасы басқарма төрағасының орынбасары:

-Ұлттық банкке базалық мөлшерлеменің төмендегені қолайлы. Бұл демек, инфляцияның жылдық көрсеткіші төмендеді деген сөз. Ал базалық мөлшерлеменің кемігені банктердің несиелеу көлемін арттырады. Несиелеу қарқынының ұлғайып бара жатқанын нақты деректерден де байқап отырмыз.

Несиелеу көлемі артты дегеніңіз, ол экономикада бәсекенің күшеюіне әкелері сөзсіз. Яғни, жұрттың қалтасына ақша түскен соң, оның өзі пайызы төмен несие болғаннан кейін бизнес немесе басқа да тіршілік тамырына қан жүреді.

Негізі бұл арнайы тоқталуды қажет ететін жауабы көлемді мәселе. Ал КАСЕ-дегілер 400-ге барады дегенге сенбейді. Жыл аяғына дейін 335-тің төңірегінде болады деген болжамын ашық айтып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде