Депутаттар міндетті медициналық сақтандыруды кейінге қалдыруға келісті
Денсаулық сақтау министрлігі жаңа жүйені 2020 жылдан бастайық деген ұсыныс жасаған болатын. Бүгін Мәжіліс сол құжатты мақұлдады. Қазір тікелей эфирге шыққалы тұрған астаналық тілшімізден толығырақ сұрап көрейік.
Автор: Жәудір Оразхан
13.12.2017
-Жәудір, қайырлы күн. Мәжіліс міндетті медициналық сақтандыру туралы заң жобасын тікелей Ақордаға жіберді ме?
Иә, төменгі палата құжатты Елбасының қол қоюына жіберді. Өйткені, бұған дейін заң жобасын Сенат қарап, бірқатар өзгерістермен Мәжіліске қайтарған. Бүгін төменгі палата сол сенаторлар қосқан жаңа түзетулерді енгізді.
Сондықтан құжатты тікелей Ақордаға жіберіп отыр. Айта кету керек, міндетті медициналық сақтандыруға қатысты норма «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» заңның ішінде көрсетілген.
Гүлжан Қарақұсова, Мәжіліс депутаты:
-Аталған өзгерістің ішінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу мен өткізу жөнінде көрсетілетін қызметтерді қосымша құн салығынан босату.
Жалпы, міндетті медициналық сақтандыру келесі жылы жүзеге асуы тиіс еді. Ал шенеуніктер өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтардың нақты санын анықтай алмай отыр. Қазір базада 5 миллион адам тіркелген. Бірақ Еңбек министрлігі бұл өте көп дейді. Өйткен, өзін өзі жұмыспен қамтушылар сақтаныдру қорына небары 1500 теңге төлейді. Бастапқыда қызметкерлерге еңбекақының 5 пайызын мемлекетке аудару міндеттелген. Кейін 1 пайызға төмендетілді. Ал жұмыс беруші мекемелерге керісінше пайыз көтерілді. Компаниялар биыл 1-шілдеден бастап ақша аударуда, қазір сақтандыру қорында 17 жарым миллиард теңге бар.
-Жәудір, бүгін Мәжілісте жалақыны жүз пайызға көтеруді талап етіп, жер астында жатқан шахтерлерге қатысты сауалдар болды ма?
Шахтерлердің мәселесі Мәжілісте сөз болмай қалған жоқ. Депутаттар бұл еңбек дауы тек келіссіммен шешілу қажеттігін айтты. Қазір Төменгі палата спикерінің бұған қатысты жауабын тыңдап көрейік.
Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс спикері:
-Самое главное – идёт диалог между работодателем, профсоюзами, горняками. Поэтому эмоции сейчас здесь не нужны, давайте дождёмся какого-то результата.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!