{metadescription}
Елімізде үздік жас жазушы анықталды
Елімізде үздік жас жазушы анықталды

Елімізде үздік жас жазушы анықталды

Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» әдебиет байқауын бұл жолы қаламгер Бейбіт Сарыбай жеңіп алып, бір миллион теңгені қанжығаға байлады.

Бейбіт Сарыбай, «Үздік проза» номинациясы бойынша жеңімпаз:

-Соңғы шешім шыққанға дейін уайым, қорқыныш, үміт әртүрлі сезім болады. Ал, шешім шыққан соң бір ғана сезім ол – қуаныш. Енді бұл бәйге менің шығармашылығыма серпін беруі мүмкін. Шабыт беруі мүмкін. Әлеуметтік жағдайыма сәл-пәл көмек беруі мүмкін.

Жалпы, байқау төрт аталым бойынша өтті. Олар – «Үздік проза», «Үздік драматургия», «Үздік балаларға арналған шығарма» және «Туған ел». «Алтын тобылғы» сыйлығына жасы 35-ке толмаған қаламгерлердің бұрын еш жерде жарияланбаған 160-тан астам туындылары ұсынылды. Ал, олардың еңбегін Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин бастаған мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар бағалаған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде